Бейнефильм режимінің i мәзірі
Әдепкі параметрлерде бейнефильм режимі үшін i мәзірінде келесі элементтер көрінеді.
«Same as Photo Settings» (Фотосурет параметрлерімен бірдей)
Бейнефильм түсіру мәзірінде Set Picture Control (Picture Control режимін орнату), White balance (Ақ түс балансы), Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) немесе Vibration reduction (Дірілді азайту) үшін Same as photo settings (Фотосурет параметрлерімен бірдей) таңдалса, i мәзірінің жоғарғы сол жақ бұрышында h белгішесі көрсетіліп, фотосурет режимінде осы параметрлер үшін таңдалған опциялар бейнефильм режимінде де қолданылатынын және керісінше болатынын көрсетеді.
- Set Picture Control (Picture Control режимін орнату)
- White Balance (Ақ түс балансы)
- Кадр өлшемі, кадр жылдамдығы және бейнефильм сапасы
- Microphone sensitivity (Микрофон сезімталдығы)
- Choose image area (Кескін аумағын таңдау)
- Metering (Өлшеу)
- Wi-Fi connection (Wi-Fi байланысы)
- Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting)
- Electronic VR (Электрондық ДА)
- Vibration reduction (Дірілді азайту)
- AF-Area Mode (АФ аумағының режимі)
- Focus Mode (Фокустау режимі)
Set Picture Control (Picture Control режимін орнату)
Бейнефильм жазу үшін Picture Control режимін таңдаңыз. Қосымша ақпаратты «Picture Control режимін орнату» (0 Set Picture Control (Picture Control режимін орнату)) бөлімінде қараңыз.
White Balance (Ақ түс балансы)
Бейнефильм жазу үшін ақ түс балансын реттеңіз. Қосымша ақпаратты «Ақ түс балансы» бөлімінде қараңыз (0 White Balance (Ақ түс балансы), White balance (Ақ түс балансы)).
Кадр өлшемі, кадр жылдамдығы және бейнефильм сапасы
Бейнефильмнің кадр өлшемін (нүктелер түрінде) және кадр жылдамдығын таңдаңыз. Сондай-ақ екі Movie quality (Бейнефильм сапасы) параметрінен таңдауға болады: High quality (Жоғары сапа) («m» бар кадр өлшемі/жылдамдығы белгішелері арқылы көрсетіледі) және Normal (Қалыпты). Бұл параметрлер бірге келесі кестеде көрсетілгендей максималды биттерді тасымалдау жылдамдығын анықтайды.
Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) 1 | Макс. биттерді тасымалдау жылдамдығы (Мбит/с) | Макс. жазу уақыты | ||
---|---|---|---|---|
High quality (Жоғары сапа) | Normal (Қалыпты) | |||
r | 3840 × 2160 (4K UHD); 30p | 144 | — 2 | 29 мин 59 с 4 |
s | 3840 × 2160 (4K UHD); 25p | |||
t | 3840 × 2160 (4K UHD); 24p | |||
w | 1920 × 1080; 120p 3 | |||
x | 1920 × 1080; 100p 3 | |||
y/y | 1920 × 1080; 60p | 56 | 28 | |
z/z | 1920 × 1080; 50p | |||
1/1 | 1920 × 1080; 30p | 28 | 14 | |
2/2 | 1920 × 1080; 25p | |||
3/3 | 1920 × 1080; 24p | |||
A | 1920 × 1080; 30p ×4 (slow-mo) (1920 × 1080; 30p ×4 (баяу қозғалыс)) 3 | 36 | — 2 | 3 мин |
B | 1920 × 1080; 25p ×4 (slow-mo) (1920 × 1080; 25p ×4 (баяу қозғалыс)) 3 | |||
C | 1920 × 1080; 24p ×5 (slow-mo) (1920 × 1080; 24p ×5 (баяу қозғалыс)) 3 | 29 |
120p, 60p, 30p және 24p ретінде тізілген мәндердің іс жүзіндегі кадр жылдамдықтары сәйкесінше 119,88 кадр/сек, 59,94 кадр/сек, 29,97 кадр/сек және 23,976 кадр/сек болады.
Movie quality (Бейнефильм сапасы) параметрі High quality (Жоғары сапа) мәнінде бекітілген.
Кескін аумағы DX (Z 7) немесе FX (Z 6) деп бекітілген; АФ аумағын автоматты түрде таңдау АФ аумағы режимінде бетті анықтау қосылмаған.
Әрбір бейнефильмді әрқайсысы 4 ГБ дейінгі 8-ге дейінгі файлда жазуға болады. Файлдардың саны және әрбір файлдың ұзындығы Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) және Movie quality (Бейнефильм сапасы) үшін таңдалған параметрлерге қарай өзгеріп отырады. Дегенмен, картаның сыйымдылығы 32 ГБ-тан артық болса, фотокамерада пішімделген жад карталарына жазылған бейнефильмдер өлшеміне қарамастан бір файл түрінде жазылады.
Қазіргі уақытта таңдалған параметр дисплейдегі белгіше арқылы көрсетіледі.
Баяу қозғалысты бейнефильмдер
Үнсіз баяу қозғалысты бейнефильмдерді жазу үшін Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) үшін «баяу қозғалыс» параметрін таңдаңыз. Баяу қозғалысты бейнефильмдер номиналды жылдамдықтан 4 немесе 5 есе азырақ жылдамдықпен жазылады және номиналды жылдамдықта ойнатылады. Мысалы, 1920 × 1080; 30p ×4 (slow-mo) (1920 × 1080; 30p ×4 (баяу қозғалыс)) мәнімен түсірілген бейнефильмдер шамамен 120 кадр/сек кадр жылдамдығымен жазылады және шамамен 30 кадр/сек кадр жылдамдығымен ойнатылады, яғни 10 секунд жазу шамамен 40 секундтық түсірілген бөлікті жасайды.
Шамамен 10 с | |
Жазу | |
Ойнату | |
Шамамен 40 с |
Жазу және ойнату жылдамдықтары төменде көрсетілген.
Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы | Жазу жылдамдығы | Қалыпты | |
---|---|---|---|
A | 1920 × 1080; 30p ×4 (slow-mo) (1920 × 1080; 30p ×4 (баяу қозғалыс)) | 120p (119,88 кадр/сек) | 30p (29,97 кадр/сек) |
B | 1920 × 1080; 25p ×4 (slow-mo) (1920 × 1080; 25p ×4 (баяу қозғалыс)) | 100p (100 кадр/сек) | 25p (25 кадр/сек) |
C | 1920 × 1080; 24p ×5 (slow-mo) (1920 × 1080; 24p ×5 (баяу қозғалыс)) | 120p (119,88 кадр/сек) | 24p (23,976 кадр/сек) |
Баяу қозғалысты бейнефильмдер
«Баяу қозғалыс» параметрін таңдағанда жыпылықтауды азайту, электрондық дірілді азайту және уақыт кодын көрсету сияқты мүмкіндіктерді пайдалану мүмкін емес.
Microphone sensitivity (Микрофон сезімталдығы)
Кірістірілген немесе сыртқы микрофонды қосу немесе өшіру, я болмаса, микрофон сезімталдығын реттеу. Сезімталдықты автоматты түрде реттеу үшін bA параметрін, я болмаса дыбыс жазуды өшіру үшін Microphone off (Микрофон өшірулі) параметрін таңдаңыз немесе b1 және b20 арасындағы мәнді (мән неғұрлым жоғарырақ болса, сезімталдық соғұрлым жоғарырақ) таңдау арқылы микрофон сезімталдығын реттеңіз.
bA параметрінен басқа параметрлерде қазіргі уақытта таңдалған параметр дисплейде белгіше арқылы көрсетіледі.
Дыбыс деңгейі қызыл түспен көрсетілсе, дыбыс деңгейі тым жоғары. Микрофон сезімталдығын азайтыңыз.
2 белгішесі
Микрофон өшірулі күйде жазылған бейнефильмдар толық өлшемде қарау және бейнефильм ойнату режимдерінде 2 белгішесі арқылы көрсетіледі.
Choose image area (Кескін аумағын таңдау)
Кескін сенсорындағы бейнефильмдерді жазу үшін пайдаланылатын аумақтың өлшемін таңдаңыз. «FX негізіндегі бейнефильм пішімі» деп аталатын пішімде бейнефильмдер түсіру үшін FX пішімін, «DX негізіндегі бейнефильм пішімінде» түсіру үшін DX пішімін таңдаңыз. Екі пішім арасындағы айырмашылықтар суретте көрсетілген.
FX | DX |
Жазылатын аумақтың өлшемдері кадр өлшеміне қарай өзгеріп отырады:
Пішім | Кадр өлшемі | Жазылатын аумақ (жуықталған) | |
---|---|---|---|
Z 7 | Z 6 | ||
FX негізіндегі бейнефильм пішімі | 3840 × 2160 | 35,9 × 20,2 мм | |
1920 × 1080 | 35,8 × 20,1 мм | 35,9 × 20,1 мм | |
DX негізіндегі бейнефильм пішімі | 3840 × 2160 | 23,5 × 13,2 мм | 23,4 × 13,2 мм |
1920 × 1080 | 23,4 × 13,1 мм |
Қазіргі уақытта таңдалған параметр дисплейдегі белгіше арқылы көрсетіледі.
Metering (Өлшеу)
Фотокамера бейнефильм режимінде экспозицияны қалай орнататынын таңдаңыз. Қосымша ақпаратты «Өлшеу» (0 Metering (Өлшеу)) бөлімінде қараңыз, бірақ нүктелі экспоөлшегіш қолжетімді емес екенін ескеріңіз.
Wi-Fi connection (Wi-Fi байланысы)
Wi-Fi функциясын қосу немесе өшіру. Қосымша ақпаратты «Wi-Fi байланысы» (0 Wi-Fi connection (Wi-Fi байланысы)) бөлімінде қараңыз.
Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting)
Бейнефильм режимі үшін Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) параметрін таңдаңыз. Қосымша ақпаратты «Қосылған D-Lighting» (0 Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting)) бөлімінде қараңыз. Бейнефильм түсіру мәзірінде Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) үшін Same as photo settings (Фотосурет параметрлерімен бірдей) таңдалған және фотосурет түсіру мәзірінде Auto (Автоматты) таңдалған болса, бейнефильмдер Normal (Қалыпты) мәніне баламалы параметрде түсірілетінін ескеріңіз.
Electronic VR (Электрондық ДА)
Бейнефильм режимінде электрондық дірілді азайтуды қосу үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз. 1920 × 1080; 120p, 1920 × 1080; 100p немесе 1920 × 1080 (slow-mo (баяу қозғалыс)) кадр өлшемінде электрондық дірілді азайту қолжетімді емес. Электрондық дірілді азайту қосулы кезде көрініс бұрышы азайтылып, көрінетін фокустық қашықтықты азғантай арттыратынын және бейнефильм жазу үшін максималды сезімталдық ISO 25600 (Z 7) немесе 51200 (Z 6) мәнінде бекітілетінін ескеріңіз.
On (Қосулы) таңдалған кезде дисплейде белгіше көрсетіледі.
Vibration reduction (Дірілді азайту)
Бейнефильм режимі үшін дірілді азайту параметрін таңдаңыз. Қосымша ақпаратты «Дірілді азайту» (0 Vibration reduction (Дірілді азайту)) бөлімінде қараңыз.
AF-Area Mode (АФ аумағының режимі)
Бейнефильм режимінде автофокус қосулы кезде фотокамера фокустау нүктесін қалай таңдайтынын таңдаңыз. Қосымша ақпаратты «АФ аумағының режимі» бөлімінде қараңыз (0 АФ аумағының режимі).
Параметр | |
---|---|
d | Single-point AF (Жалғыз нүктелі АФ) |
f | Wide-area AF (S) (Кең аумақты АФ (Ж)) |
g | Wide-area AF (L) (Кең аумақты АФ (Қ)) |
h | Auto-area AF (АФ аумағын автоматты түрде таңдау) |
Focus Mode (Фокустау режимі)
Фотокамера бейнефильм режимінде қалай фокустайтынын таңдаңыз. Қосымша ақпаратты «Фокустау режимін таңдау» (0 Фокустау режимін таңдау) бөлімінде қараңыз.
Параметр | |
---|---|
AF-S | Single AF (Әр кадр бойынша АФ) |
AF-C | Continuous AF (Үздіксіз АФ) |
AF-F | Full-time AF (Тұрақты АФ) |
MF | Manual focus (Қолмен реттелетін фокус) |