Фотокамераның керек-жарақтарға арналған құрылғысына бекітілген жарқыл бөлігін, я болмаса бір немесе бірнеше қашықтан басқарылатын жарқыл бөлігін пайдаланып суреттер түсіруге болады.

Фотокамераға бекітілген жарқыл бөліктері

«Фотокамерадағы жарқылды пайдалану» (0 Фотокамерадағы жарқылды пайдалану) бөлімінде сипатталғандай фотокамераға бекітілген жарқыл бөлігін пайдаланып суреттер түсіріңіз.

Қашықтағы жарқылмен фотосурет түсіру

«Қашықтағы жарқылмен фотосурет түсіру» (0 Қашықтағы жарқылмен фотосурет түсіру) бөлімінде сипатталғандай сымсыз жарқылды басқаруды пайдаланып бір немесе бірнеше қашықтан басқарылатын жарқыл бөлігі арқылы суреттер түсіріңіз.