Қосымша селектор
Қосымша селекторды фокустау нүктесін таңдау үшін джойстик ретінде пайдаланыңыз немесе фокусты және/немесе экспозицияны құлыптау үшін қосымша селектордың ортасын басыңыз.
Фокустау нүктесін таңдау
Түсіру режимінің дисплейінде фокустау нүктесін таңдау үшін қосымша селекторды пайдаланыңыз. АФ аумағының режимі ретінде АФ аумағын автоматты түрде таңдау таңдалса, фокустау нүктесін таңдау қолжетімді емес болады (0 АФ аумағының режимі).
Автоэкспозиция (АЭ) құлпы
Қосымша селектордың ортасын басу экспозицияны ағымдағы параметрде құлыптайды. АЭ құлпын түпкілікті кадр жиектемесінде таңдалған фокустау аумағында болмайтын нысанды өлшеуден кейін түсірілімдерді қайта жиектеу үшін пайдалануға болады, әсіресе нүктелі немесе ортасы бойынша өлшеуде тиімді.
Фокустау құлпы
AF-C фокустау режимі таңдалғанда ағымдағы нысанда фокусты құлыптау үшін қосымша селектордың ортасын басыңыз. Фокустау құлпын пайдаланғанда АФ аумағын автоматты түрде таңдаудан басқа АФ аумағының режимін таңдаңыз.
Фокусты және экспозицияны құлыптау
Фокус және экспозиция құлпын пайдалану үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
-
Фокусты және экспозицияны орнатыңыз.
Нысанды таңдалған фокустау нүктесіне орналастырып, фокусты және экспозицияны орнату үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.
-
Фокусты және экспозицияны құлыптаңыз.
Фокусты да, экспозицияны да құлыптау үшін ысырманы босату түймешігі жартылай басылып тұрғанда қосымша селектордың ортасын басыңыз (AE-L (АЭ-Қ) белгішесі көрсетіледі).
-
Фотосуретті қайта жиектеңіз және суретке түсіріңіз.
Ысырманы босату түймешігі жартылай басылып тұрса (AF-S) немесе қосымша селектордың ортасы басылып тұрса, фокус түсірілімдер арасында құлыптаулы күйде болып, бір фокус параметрімен қатарынан бірнеше фотосурет түсіруге мүмкіндік береді.
Фокустау құлпы қосылып тұрғанда фотокамера мен нысан арасындағы қашықтықты өзгертпеңіз. Нысан қозғалып кетсе, оны жаңа қашықтықтан қайта фокустаңыз.
AF-S
AF-S фокустау режимі таңдалған болса, фокус ысырманы босату түймешігі жартылай басылып тұрғанда құлыпталады (сондай-ақ фокус қосымша селектордың ортасы басылып тұрғанда құлыпталады).
Экспозиция құлпы үшін ысырманы босату түймешігін пайдалану
c1 (Shutter-release button AE-L (Ысырманы босату түймешігі АЭ-Қ)) қолданушы параметрі үшін On (half press) (Қосулы (жартылай басу)) таңдалған болса, ысырманы босату түймешігі жартылай басылып тұрғанда экспозиция құлыпталады.