Фотокамераның жарыққа сезімталдығын қолжетімді жарық мөлшеріне сай реттеу үшін S түймешігін ұстап тұрып, басты басқару дискін айналдырыңыз. Ағымдағы параметр түсіру режимінің дисплейінде және басқару панелінде көрсетіледі. ISO 64 және ISO 25600 арасындағы (немесе Z 6 жағдайында ISO 100 және ISO 51200 арасындағы) параметрлерден таңдаңыз; сондай-ақ арнайы жағдайлар үшін осы мәндердің ең төменгісінен шамамен 0,3 мәнінен 1 ЭМ мәніне төмен және ең жоғары мәннен 0,3 - 2 ЭМ мәніне жоғары параметрлер қолжетімді. b режимі ISO-A (автоматты) қосымша параметрін ұсынады.

S түймешігі

Басты басқару дискі

ISO сезімталдық

ISO сезімталдық неғұрлым жоғары болса, экспозиция жасауға қажетті жарық соғұрлым аз болады, бұл жоғарырақ ысырма жылдамдықтарына немесе кішірек апертураларға мүмкіндік береді, бірақ кескінге бұрмаланудың (кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің әркелкілігі немесе сызықтар) әсер ету ықтималдығы соғұрлым жоғарырақ. Бұрмалану ықтималдығы әсіресе Hi 0.3 (Жоғ 0,3) және Hi 2 (Жоғ 2) арасындағы параметрлерде жоғары.

Hi 0.3 (Жоғ 0,3) – Hi 2 (Жоғ 2)

Hi 0.3 (Жоғ 0,3) және Hi 2 (Жоғ 2) арасындағы мәндер ең жоғары сандық мәннен 0,3–2 ЭМ асатын ISO сезімталдықтарға сай келеді. Hi 0.3 (Жоғ 0,3) мәні ISO 32000 (Z 7) немесе 64000 (Z 6) мәніне, Hi 2 (Жоғ 2) мәні ISO 102400 (Z 7) немесе 204800 (Z 6) мәніне тең.

Lo 0.3 (Төм 0,3) – Lo 1 (Төм 1)

Lo 0.3 (Төм 0,3) және Lo 1 (Төм 1) арасындағы мәндер ең төмен сандық мәннен 0,3–1 ЭМ төмен ISO сезімталдықтарға сай келеді. Lo 0.3 (Төм 0,3) мәні ISO 50 (Z 7) немесе 80 (Z 6) мәніне, Lo 1 (Төм 2) мәні ISO 32 (Z 7) немесе 50 (Z 6) мәніне тең. Жарықтандыру жарық кезде үлкенірек апертуралар немесе баяу ысырма жылдамдықтары үшін пайдаланыңыз. Белгіленген тұстарда біраз кішігірім элементтер жоғалуы мүмкін; жағдайлардың көпшілігінде ең төмен сандық мәндегі немесе одан жоғары ISO сезімталдықтар ұсынылады.

ISO сезімталдықты автоматты басқару

P, S, A және M режимдерінде ISO сезімталдықты автоматты түрде басқаруды S түймешігін ұстап тұру және қосымша басқару дискін айналдыру арқылы қосуға немесе өшіруге болады. ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару қосулы болса, S түймешігі және басты басқару дискі арқылы таңдалған мәнде оңтайлы экспозицияға жету мүмкін емес болса, ISO сезімталдық автоматты түрде реттеледі. ISO сезімталдықтың тым жоғары көтерілуін болдырмау үшін фотосурет түсіру мәзіріндегі ISO sensitivity settings (ISO сезімталдық параметрлері) > Maximum sensitivity (Максималды сезімталдық) элементін пайдаланып ISO 100 (Z 7) немесе 200 (Z 6) мәнінен Hi 2 мәніне дейін жоғарғы шекті таңдауға болады.

Қосымша басқару дискі

S түймешігі

ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару қосулы болса, түсіру режимінің дисплейінде ISO AUTO және басқару панелінде ISO-A көрсетіледі. Сезімталдық қолданушы таңдаған мәннен өзгерсе, дисплейде өзгертілген мән көрсетіледі.

Монитор

Басқару панелі

ISO сезімталдықты автоматты басқару

ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару қосулы кезде қолданушы таңдаған ISO сезімталдық Maximum sensitivity (Максималды сезімталдық) үшін таңдалғаннан жоғарырақ болса, оның орнына қолданушы таңдаған мән пайдаланылады. Жарқылды пайдаланғанда ысырма жылдамдығы e1 (Flash sync speed (Жарқылды синхрондау жылдамдығы)) қолданушы параметрі үшін таңдалған жылдамдық және e2 (Flash shutter speed (Жарқылдың ысырма жылдамдығы)) қолданушы параметрі үшін таңдалған жылдамдық арасындағы мәндермен шектеледі.