Кірістірілген жарқылды басқару режимі
Фотокамераға біріктірілген жарқылды басқаруды қолдайтын жарқыл бөлігі (SB-5000, SB-500, SB-400 немесе SB-300) бекітілген болса, жарқылды басқару режимін, жарқыл деңгейін және басқа жарқыл параметрлерін фотосурет түсіру мәзіріндегі Flash control (Жарқылды басқару) > Flash control mode (Кірістірілген жарқылды басқару режимі) элементін пайдаланып реттеуге болады (SB-5000 жағдайында бұл параметрлерді сонымен бірге жарқыл бөлігіндегі басқару тетіктерін пайдаланып реттеуге болады). Қол жетімді параметрлер пайдаланылатын жарқылға қарай өзгеріп отырады, ал Flash control mode (Кірістірілген жарқылды басқару режимі) астында көрсетілетін параметрлер таңдалған режимге қарай өзгеріп отырады. Басқа жарқыл бөліктерінің параметрлерін тек жарқыл бөлігінің басқару тетіктерін пайдаланып реттеуге болады.
- TTL: i-TTL режимі. SB-500, SB-400 және SB-300 жағдайларында жарқыл түзетілімін фотосурет түсіру мәзіріндегі Flash compensation (Жарқыл түзетілімі) элементін пайдаланып реттеуге болады.
- Auto external flash (Автоматты сыртқы жарқыл): бұл режимде шығыс нысан шағылыстырған жарық мөлшеріне сай автоматты түрде реттеледі; сондай-ақ, жарқыл түзетілімі қолжетімді. «Автоматты апертура» (qA) және «TTL емес автоматты» (A) режимдерін қолдайтын автоматты сыртқы жарқыл. Мәліметтерді жарқыл бөлігінің нұсқаулығынан қараңыз.
- Distance-priority manual (Қашықтық басымдығы бар қолмен реттелетін режим): нысанға дейінгі қашықтықты таңдаңыз; жарқыл шығысы автоматты түрде реттеледі. Жарқыл түзетілімі де қолжетімді.
- Manual (Қол режимі): жарқыл деңгейін қолмен таңдаңыз.
- Repeating flash (Бірнеше рет жанатын жарқыл): ысырма ашық кезде жарқыл бірнеше рет жанып, бірнеше экспозиция әсерін тудырады. Жарқыл деңгейін (Output (Шығыс)), бөліктің ең көп жану санын (Times (Саны)) және жарқыл секундына қанша рет жанатынын (Frequency (Жиілік), герцтермен өлшенеді) таңдаңыз. Times (Саны) үшін қолжетімді параметрлер Output (Шығыс) және Frequency (Жиілік) үшін таңдалған параметрлерге байланысты өзгеріп отырады; мәліметтер алу үшін жарқыл бөлігімен бірге қамтамасыз етілген құжаттаманы қараңыз.
Біріктірілген жарқылды басқару
Біріктірілген жарқылды басқару фотокамераға және жарқыл бөлігіне параметрлерді бөлісуге мүмкіндік береді. Егер біріктірілген жарқылды басқаруды қолдайтын жарқыл бөлігі фотокамераға бекітілген болса, жарқыл параметрлеріне фотокамерамен немесе жарқыл бөлігімен енгізілген өзгертулер екі құрылғыда да көрсетіледі, Camera Control Pro 2 қосымша бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып енгізілген өзгертулер де.
i-TTL жарқылды басқару тетігі
CLS жүйесімен үйлесімді жарқыл бөлігі TTL мәніне орнатылған кезде фотокамера мына жарқылды басқару түрлерінің біреуін автоматты түрде таңдайды:
- i-TTL балансталған толықтырғыш жарқыл: жарқыл басты жарқыл шығармас бұрын бірнеше рет көрінбейтіндей дерлік жыпылықтайды (монитор жыпылықтары). Фотокамера нысандардан шағылысқан алдыңғы жарқылдарды талдайды және жарқыл шығысын негізгі нысан мен қоршаған ортаның фондық жарықтандыруы арасында табиғи теңгерім алу үшін реттейді.
- Стандартты i-TTL толықтырғыш жарқыл: кадрда жарықты стандартты деңгейге апару үшін реттелген жарқыл шығысы; артқы фонның жарықтығы ескерілмейді. Негізгі нысанға артқы нәрселерге қарағанда көбірек мән берілуі тиіс суреттер үшін немесе экспозиция түзетілімі мүмкіндігі пайдаланылған кезде ұсынылады. Стандартты i-TTL толықтырғыш жарқылы нүктелі экспоөлшегіш таңдалғанда автоматты түрде іске қосылады.