Фотокамерадағы жарқылды пайдалану
Қосымша жарқыл бөлігін фотокамераға бекіту және жарқылды пайдаланып фотосуреттер түсіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
-
Бөлікті керек-жарақтарға арналған құрылғыға бекітіңіз.
Мәліметтерді бөлікпен берілген нұсқаулықтан қараңыз.
Үшінші тарап жарқыл бөліктері
Фотокамераны фотокамераның X түйіспелеріне 250 В-тан астам кернеулерді қолданатын немесе керек-жарақтарға арналған құрылғыдағы түйіспелерді қысқа тұйықтайтын жарқыл бөліктерімен бірге пайдалану мүмкін емес. Мұндай жарқыл бөліктерін пайдалану фотокамераның қалыпты жұмысына кедергі келтіріп қана қоймай, сонымен қатар фотокамераның және/немесе жарқылдың жарқылды синхрондау тізбектерін зақымдауы мүмкін.
-
Фотокамераны және жарқыл бөлігін қосыңыз.
Жарқыл зарядтала бастайды; зарядтау аяқталғанда жарқылдың дайындығын білдіретін индикатор (c) көрсетіледі.
-
жарқыл параметрлерін реттеңіз.
Кірістірілген жарқылды басқару режимін (0 Кірістірілген жарқылды басқару режимі) жəне жарқыл режимін (0 Жарқыл режимдері) таңдаңыз.
-
Ысырма жылдамдығын және апертураны реттеңіз.
-
Суреттер түсіріңіз.
Ысырма жылдамдығы
Қосымша жарқыл бөлігі пайдаланылған кезде ысырма жылдамдығын төмендегідей орнатуға болады:
Режим | Ысырма жылдамдығы |
---|---|
b | Фотокамера автоматты түрде орнатады (1/200 с–1/60 с) |
P, A | Фотокамера автоматты түрде орнатады (1/200 с–1/60 с) * |
S | Қолданушы таңдайтын мән (1/200 с–30 с) |
M | Қолданушы таңдайтын мән (1/200 с–30 с, Bulb (Қолмен басылу режимі), Time (Уақыт)) |
Жарқыл режимі үшін баяу синхрондау, артқы пердемен баяу синхрондау немесе қызыл көз әсерін азайту бар синхрондау таңдалған болса, ысырма жылдамдығын 30 с баяу мәніне орнатуға болады.