Өңдеу мәзірін көру үшін фотокамера мәзірлерінде N қойындысын таңдаңыз.

Өңдеу мәзіріндегі параметрлер бар суреттердің кадр шеттері кесілген немесе өңделген көшірмелерін жасау үшін пайдаланылады. Өңдеу мәзірі фотокамераға фотосуреттер бар жад картасы салынған кезде ғана көрсетіледі.

Параметр

Тек G түймешігін басу және N қойындысын таңдау арқылы таңдауға болады.

Өңделген кескін немесе түпнұсқа көрсетіліп тұрғанда, тек i түймешігін басу және Retouch (Өңдеу) параметрін таңдау арқылы көрсетуге болады.

Өңделген көшірмелер жасау

Өңделген көшірме жасау үшін:

  1. Өңдеу мәзірінде элементті таңдаңыз.

    Элементті белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін, таңдау үшін 2 түймешігін басыңыз.

  2. Суретті таңдаңыз.

    Суретті белгілеңіз және J түймешігін басыңыз. Белгіленген суретті толық экранда көру үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз.

    Өңдеу

    NEF + JPEG кескін сапасы параметрлерінде жазылған фотосуреттердің тек NEF (RAW) пішіміндегі кескіндері ғана өңделеді. Фотокамера өзге құрылғылардың көмегімен жасалған кескіндерді көрсете немесе өңдей алмауы мүмкін.

  3. Өңдеу параметрлерін таңдаңыз.

    Қосымша мәлімет алу үшін таңдалған элементке арналған бөлімді қараңыз. Өңделген көшірмені жасамай шығу үшін G түймешігін басыңыз.

    Power off Delay (Қуатты өшіруді кешіктіру)

    Қысқа уақыт ішінде ешбір әрекет орындалмаса, дисплей өшеді және жұмыс тоқтатылады. Кез келген сақталмаған өзгертулер жоғалады. Дисплей қосулы қалатын уақытты арттыру үшін c3 (Power off delay (Қуатты өшіруді кешіктіру)) > Menus (Мәзірлер) қолданушы параметрін пайдаланып ұзағырақ мәзірді көрсету уақытын таңдаңыз.

  4. Өңделген көшірме жасаңыз.

    Өңделген көшірме жасау үшін J түймешігін басыңыз. Өңделген көшірмелер p белгішесімен көрсетіледі.

Ағымдағы кескінді өңдеу

Ағымдағы кескіннің өңделген көшірмесін жасау үшін i түймешігін басып, Retouch (Өңдеу) пәрменін таңдаңыз.

Көшірмелерді өңдеу

Параметрлердің көпшілігін басқа өңдеу параметрлерін пайдаланып жасалған көшірмелерге қолдануға болады, дегенмен (Trim movie (Бейнефильмді қысқарту) параметрін қоспағанда) әр параметрді тек бір рет қолдануға болады (бірнеше рет өңдеу кішігірім элементтердің жоғалуына әкелуі мүмкін екенін ескеріңіз). Ағымдағы кескінге қолдану мүмкін емес параметрлер сұр түспен көрсетіледі және қолжетімсіз болады.

Кескін сапасы мен өлшемі

NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу), Trim (Кадр шеттерін кесу) және Resize (Өлшемін өзгерту) арқылы жасалған көшірмелер жағдайын қоспағанда көшірмелердің өлшемі түпнұсқамен бірдей болады. JPEG пішіміндегі кескіндерден жасалған көшірмелердің сапасы түпнұсқамен бірдей болады, ал NEF (RAW) және TIFF (RGB) пішіміндегі кескіндерден жасалған кесілген және өлшемі өзгертілген көшірмелер JPEG fine (JPEG сапалы)m пішімінде сақталады.