White Balance (Ақ түс балансы)
Ақ түс балансы жарық көзінің түсіне қарамастан ақ нысандардың ақ болып көрінуін қамтамасыз етеді. Жарық көздерінің көпшілігіне әдепкі параметр (j) ұсынылады. Автоматты ақ түс балансы арқылы қалаған нәтижелерге қол жеткізу мүмкін болмаса, төменде сипатталғандай басқа параметрді таңдаңыз.
Ақ түс балансын White balance (Ақ түс балансы) элементтерін i мәзірінде және фотосурет және бейнефильм түсіру мәзірлерінде пайдаланып таңдауға болады (0 White balance (Ақ түс балансы), White Balance (Ақ түс балансы), White Balance (Ақ түс балансы)).
Əдепкі параметрлерде ақ түс балансын Fn1 түймешігін ұстап тұру жəне басты басқару дискін айналдыру арқылы да таңдауға болады (0 Функция түймешіктері (Fn1 жəне Fn2)).
4 (Auto (Автоматты)), I (Fluorescent (Флюоресцентті)), K (Choose color temperature (Түс температурасын таңдау)) немесе L (Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мəн)) параметрі таңдалған болса, Fn1 түймешігін ұстап тұру жəне қосымша басқару дискін айналдыру арқылы қосымша параметрді таңдауға болады.
Параметр | K * | Сипаттама | ||
---|---|---|---|---|
4 | Auto (Автоматты) | Ақ түс балансы жарық көздерінің көпшілігінде оңтайлы нәтижелер алу үшін автоматты түрде реттеледі. Қосымша жарқыл бөлігін пайдаланғанда, ақ түс балансы жарқыл шығаратын жарықтандыруға сай реттеледі. | ||
Keep white (reduce warm colors) (Ақ түсті сақтау (жылы түстерді азайту)) | 3500–8000 | Қызу бөлетін шам тудырған жылы түс реңкін жояды. | ||
Keep overall atmosphere (Жалпы атмосфераны сақтау) | Қызу бөлетін шам тудырған жылы түс реңкін ішінара сақтайды. | |||
Keep warm lighting colors (Жылы жарықтандыру түстерін сақтау) | Қызу бөлетін шам тудырған жылы түс реңкін сақтайды. | |||
D | Natural light auto (Автоматты табиғи жарық) | 4500–8000 | Табиғи жарықта пайдаланғанда бұл параметр ашық көз көретінге жақынырақ түстерді береді. | |
H | Direct sunlight (Тік күн жарығы) | 5200 | Тік күн сәулелері жарықтандырған нысандарда пайдаланыңыз. | |
G | Cloudy (Бұлтты) | 6000 | Күндізгі жарықта бұлтты күн райында пайдаланыңыз. | |
M | Shade (Көлеңке) | 8000 | Көлеңкедегі нысандар үшін күндіз пайдаланыңыз. | |
J | Incandescent (Қызу бөлетін шам) | 3000 | Қызу бөлетін шам жарығының астында пайдаланыңыз. | |
I | Fluorescent (Флюоресцентті) | Флюоресцентті жарықтандыру астында пайдаланыңыз; жарық көзіне сай шам түрін таңдаңыз. | ||
Sodium-vapor lamps (Натрий газ разрядты шамдар) | 2700 | |||
Warm-white fluorescent (Жылы ақ флюоресцентті) | 3000 | |||
White fluorescent (Ақ флюоресцентті) | 3700 | |||
Cool-white fluorescent (Суық ақ флюоресцентті) | 4200 | |||
Day white fluorescent (Күндізгі ақ флюоресцентті) | 5000 | |||
Daylight fluorescent (Күндізгі жарық флюоресцентті) | 6500 | |||
High temp. mercury-vapor (Жоғары темп. сынап газ разрядты) | 7200 | |||
5 | Flash (Жарқыл) | 5400 | Студиялық стробоскоптық жарықтандырумен және басқа үлкен жарқыл бөліктерімен бірге пайдаланыңыз. | |
K | Choose color temperature (Түс температурасын таңдау) | 2500-10000 | Түс температурасын мәндер тізімінен немесе Fn1 түймешігін ұстап тұрып, қосымша басқару дискін айналдыру арқылы таңдаңыз. | |
L | Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән) | — | Нысан немесе жарық көзі үшін ақ түс балансын өлшеңіз (тікелей өлшеу режиміне кіру үшін Fn1 түймешігін басып тұрыңыз, 0 Preset Manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән)), ақ түс балансын бар фотосуреттен көшіріңіз немесе Fn1 түймешігін ұстап тұрып, қосымша басқару дискін айналдыру арқылы бар мәнді таңдаңыз. |
Түс температурасы. Мәндердің барлығы шамамен берілген және дәл реттеуді (тиісті болса) білдірмейді.
D («Natural light auto (Автоматты табиғи жарық)»)
D (Natural light auto (Автоматты табиғи жарық)) параметрі жасанды жарықта қалаған нәтижелерді бермеуі мүмкін. 4 (Auto (Автоматты)) параметрін немесе жарық көзіне сай параметрді таңдаңыз.
Студиядағы жарқыл жарығы
4 (Auto (Автоматты)) параметрі үлкен студиялық жарқыл бөліктерін пайдаланғанда қажет нәтижелерді бермеуі мүмкін. Ақ түс балансынының алдын-ала енгізілген мәнін пайдаланыңыз немесе ақ түс балансын 5 (Flash (Жарқыл)) параметріне орнатып, ақ түс балансын дәл реттеңіз.
Ақ түс балансын дәл реттеу
Choose color temperature (Түс температурасын таңдау) параметрінен басқа параметрлерде ақ түс балансын i мәзіріндегі және фотосурет және бейнефильм түсіру мәзірлеріндегі White balance (Ақ түс балансы) элементтерін пайдаланып дәл реттеуге болады (0 Ақ түс балансын дәл реттеу).
4 («Auto (Автоматты)»)
Автоматты ақ түс балансын пайдаланып түсірілген суреттер үшін фотосурет ақпараты сурет түсірілген уақытта фотокамера таңдаған түс температурасын тізеді. Мұны Choose color temperature (Түс температурасын таңдау) мәнін таңдағанда анықтама ретінде пайдалануға болады. Қарау кезінде түсірілген сурет деректерін көру үшін ойнату мәзірінде Playback display options (Ойнату дисплейінің параметрлері) тармағына өтіп, Shooting data (Түсірілген сурет деректері) параметрін таңдаңыз.
Түс температурасы
Жарық көзінің түсін қабылдау бақылаушыға және басқа жағдайларға байланысты өзгереді. Түс температурасы – бірдей толқын ұзындығы бар жарық шығару үшін жылытылуы тиіс нысанның температурасына негізделе отырып анықталатын жарық көзі түсінің объективті өлшемі. 5000–5500 K аралығындағы түс температурасы бар жарық көздері ақ түс ретінде көрінсе, қызу бөлетін шамдар сияқты түс температурасы төмендеу жарық көздері аздап сары немесе қызыл болып көрінеді. Түс температурасы жоғарылау жарық көздерінде көк түстің реңкі болады.
Әдетте суреттеріңізде қызыл реңк болса немесе түстерді әдейі салқынырақ ету үшін төменірек мәндерді, суреттеріңізде көк реңк болса немесе түстерді әдейі жылырақ ету үшін жоғарырақ мәндерді таңдаңыз.