Ойнатуды масштабтау, я болмаса толық өлшемде немесе сурет нобайын қарау кезінде i түймешігін басқанда ойнату режимі үшін i мәзірі көрсетіледі. Мульти селекторды және J түймешігін пайдаланып параметрлерді таңдаңыз және мәзірден шығып, ойнатуға оралу үшін i түймешігін басыңыз.

Ойнату i мәзірінде қолжетімді параметрлер сурет түріне қарай өзгеріп отырады.

Фотосуреттер: фотосурет таңдалып тұрғанда i түймешігін басқанда төменде тізілген параметрлер көрсетіледі.

  • Quick crop (Жылдам кесу) (тек ойнатуды масштабтау кезінде көрсетіледі): ағымдағы кескіннің дисплейде көрінетін аумаққа дейін кесілген көшірмесін сақтау. Бұл параметр гистограммалар көрсетілгенде қолжетімді емес.
  • Rating (Бағалау): ағымдағы суретке баға беру (0 Суреттерге баға беру).
  • Select to send/deselect (smart device/PC/WT) (Жіберу үшін таңдау/таңдауды алу (PC/WT)): ағымдағы суретті кері жүктеу үшін таңдау. Көрсетілетін параметр қосылған құрылғы түріне қарай өзгеріп отырады (0 Select to Send/Deselect (Жіберу үшін таңдау/таңдауды алу)).
  • Retouch (Өңдеу): ағымдағы фотосуреттің өңделген көшірмесін жасау үшін өңдеу мəзіріндегі параметрлерді (0 N Өңдеу мəзірі: өңделген көшірмелерді жасау) пайдаланыңыз.
  • Choose folder (Қалтаны таңдау): Ойнататын қалтаны таңдаңыз. Қалтаны белгілеңіз және белгіленген қалтадағы суреттерді көру үшін J түймешігін басыңыз.
  • Protect (Қорғау): ағымдағы суретке қорғау қосу немесе алу (0 Суреттерді өшірілуден қорғау).
  • Unprotect all (Барлығынан қорғауды алу): ойнату мәзірінде қазіргі уақытта Playback folder (Ойнату қалтасы) үшін таңдалған қалтадағы барлық суреттерден қорғауды алу.

Movies (Бейнефильм): төмендегі параметрлер бейнефильм таңдалғанда қолжетімді.

  • Rating (Бағалау): ағымдағы суретке баға беру (0 Суреттерге баға беру).
  • Select to send/deselect (PC/WT) (Жіберу үшін таңдау/таңдауды алу (PC/WT)): ағымдағы суретті кері жүктеу үшін таңдау. Көрсетілетін параметр қосылған құрылғы түріне қарай өзгеріп отырады (0 Select to Send/Deselect (Жіберу үшін таңдау/таңдауды алу)).
  • Volume control (Дыбыс деңгейін басқару): ойнатудың дыбыс деңгейін реттеу.
  • Trim movie (Бейнефильмді кесу): ағымдағы бейнефильмнен түсірілген бөлікті кесу жəне өңделген көшірмені жаңа файлда сақтау (0 Choose Start/End Point (Басталу/аяқталу нүктесін таңдау)).
  • Choose folder (Қалтаны таңдау): Ойнататын қалтаны таңдаңыз. Қалтаны белгілеңіз және белгіленген қалтадағы суреттерді көру үшін J түймешігін басыңыз.
  • Protect (Қорғау): ағымдағы суретке қорғау қосу немесе алу (0 Суреттерді өшірілуден қорғау).
  • Unprotect all (Барлығынан қорғауды алу): ойнату мәзірінде қазіргі уақытта Playback folder (Ойнату қалтасы) үшін таңдалған қалтадағы барлық суреттерден қорғауды алу.

Movies (playback paused) (Бейнефильмдер (ойнату кідіртілді)): төмендегі параметрлер бейнефильмді ойнату кідіртілген кезде қолжетімді.

Select to Send/Deselect (Жіберу үшін таңдау/таңдауды алу)

Ағымдағы суретті смарт құрылғыға, компьютерге немесе FTP серверіне жүктеп салу үшін таңдау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. Жүктеп салатын суреттерді таңдау үшін пайдаланылатын i мәзір параметрлері қосылған құрылғы түріне қарай өзгеріп отырады:

  • Select to send/deselect (smart device) (Жіберу үшін таңдау/таңдауды алу (смарт құрылғы)): фотокамера баптау мәзіріндегі Connect to smart device (Смарт құрылғыға қосылу) элементін пайдаланып кірістірілген Bluetooth арқылы смарт құрылғыға қосулы кезде көрсетіледі (0 Connect to Smart Device (Смарт құрылғыға қосылу)).
  • Select to send/deselect (PC) (Жіберу үшін таңдау/таңдауды алу (компьютер)): фотокамера баптау мәзіріндегі Connect to PC (Компьютерге қосылу) элементін пайдаланып кірістірілген Wi-Fi арқылы компьютерге қосылған кезде көрсетіледі (0 Connect to PC (Компьютерге қосылу)).
  • Select to send/deselect (WT) (Жіберу үшін таңдау/таңдауды алу (WT)): фотокамера баптау мәзіріндегі Wireless transmitter (WT-7) (Сымсыз таратқыш (WT-7)) элементін пайдаланып WT-7 сымсыз таратқышы (бөлек сатылады) арқылы компьютерге немесе FTP серверіне қосылған кезде көрсетіледі (0 Wireless Transmitter (WT-7) (Сымсыз таратқыш (WT-7))).
  1. Суретті таңдаңыз.

    Суретті толық өлшемде қарау немесе ойнатуды масштабтау режимінде көрсетіңіз немесе оны сурет нобайларының тізімінде таңдаңыз.

  2. Select to send/deselect (Жіберу үшін таңдау/таңдауды алу) пәрменін таңдаңыз.

    i мәзірін көрсету үшін i түймешігін басыңыз, содан кейін Select to send/deselect (Жіберу үшін таңдау/таңдауды алу) пәрменін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз. Жүктеп салу үшін таңдалған суреттер W белгішесі арқылы көрсетіледі; таңдауды алу үшін 1 және 2 қадамдарын қайталаңыз.

Бейнефильмдер

Бейнефильмдерді Bluetooth арқылы жүктеп салу мүмкін емес. Басқа әдіс арқылы жүктеп салынатын бейнефильмдердің максималды файл өлшемі — 4 ГБ.

Choose Start/End Point (Басталу/аяқталу нүктесін таңдау)

Бейнефильмдердің қысқартылған көшірмелерін жасау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.

  1. Бейнефильмді толық өлшемде көрсетіңіз.

  2. Жаңа алғашқы кадрда бейнефильмді кідіртіңіз.

    Бейнефильмді «Бейнефильмдерді көру» (0 Бейнефильмдерді қарау) бөлімінде сипатталғандай ойнатыңыз, J түймешігін басып ойнатуды бастаңыз және жалғастырыңыз, 3 түймешігін басып кідіртіңіз, ал 4 немесе 2 түймешігін басып, я болмаса басты басқару дискін айналдырып қажетті кадрды табыңыз. Бейнефильмдегі шамамен алынған орынды бейнефильм орындалу барысының жолағынан анықтауға болады. Жаңа алғашқы кадрға жеткенде ойнатуды кідіртіңіз.

    Бейнефильм орындалу барысының жолағы

  3. Choose start/end point (Басталу нүктесін/аяқталу нүктесін таңдау) пәрменін таңдаңыз.

    i мәзірін көрсету үшін i түймешігін басыңыз, содан кейін Choose start/end point (Басталу нүктесін/аяқталу нүктесін таңдау) пәрменін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз.

  4. Start point (Басталу нүктесі) параметрін таңдаңыз.

    Ағымдағы кадрдан басталатын көшірмені жасау үшін Start point (Басталу нүктесі) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз. 9-қадамда көшірмені сақтаған кезде ағымдағы кадр алдындағы кадрлар жойылады.

    Басталу нүктесі

  5. Жаңа басталу нүктесін растаңыз.

    Қажет кадр қазір көрсетіліп тұрмаса, 4 немесе 2 түймешігін басып ілгері немесе кері айналдырыңыз (10 с ілгері немесе кері өту үшін басты басқару дискін бұраңыз; бірінші немесе соңғы кадрға өту үшін қосымша басқару дискін айналдырыңыз).

  6. Аяқталу нүктесін таңдаңыз.

    Басталу нүктесінен (w) аяқталу нүктесін (x) таңдау құралына ауысу, содан кейін 5-қадамда сипатталғандай соңғы кадрды таңдау үшін қосымша селектордың ортасын басыңыз. 9-қадамда көшірмені сақтаған кезде таңдалған кадрдан кейінгі кадрлар жойылады.

    Қосымша селектор

    Аяқталу нүктесі

  7. Көшірме жасаңыз.

    Қажет кадр көрсетілгеннен кейін 1 түймешігін басыңыз.

  8. Бейнефильмді алдын-ала қараңыз.

    Көшірмені алдын-ала қарау үшін Preview (Алдын-ала қарау) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз (алдын-ала қарауды үзу және сақтау параметрлері мәзіріне оралу үшін 1 түймешігін басыңыз). Ағымдағы көшірмеден бас тарту және жоғарыда сипатталғандай жаңа басталу нүктесін немесе аяқталу нүктесін таңдау үшін Cancel (Бас тарту) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз; көшірмені сақтау үшін 9-қадамға өтіңіз.

  9. Көшірмені сақтаңыз.

    Көшірмені жаңа файлға сақтау үшін Save as new file (Жаңа файл ретінде сақтау) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз. Бастапқы бейнефильм файлын өңделген көшірмемен ауыстыру үшін Overwrite existing file (Бар файлды қайта жазу) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз.

Бейнефильмдерді қысқарту

Бейнефильмдердің ұзақтығы кемінде екі секунд болуы керек. Жад картасындағы бос орын жеткіліксіз болса, көшірме сақталмайды.

Көшірмелердің жасалу уақыты мен күні түпнұсқамен бірдей болады.

Бастапқы немесе соңғы түсірілген бөлікті жою

Бейнефильмнен тек бастапқы түсірілген бөлікті жою үшін 6-қадамда қосымша селектордың ортасын баспай 7-қадамға өтіңіз. Тек соңғы түсірілген бөлікті жою үшін 4-қадамда End point (Аяқталу нүктесі) параметрін таңдаңыз, соңғы кадрды таңдаңыз және 6-қадамда қосымша селектордың ортасын баспай 7-қадамға өтіңіз.

«Trim Movie» (Бейнефильмді қысқарту)

Бейнефильмдерді өңдеу мәзіріндегі Trim movie (Бейнефильмді қысқарту) параметрін пайдаланып та өңдеуге болады.

Save Current Frame (Ағымдағы кадрды сақтау)

Таңдалған кадрдың көшірмесін JPEG пішіміндегі сурет ретінде сақтау үшін:

  1. Бейнефильмді қажет кадрда кідіртіңіз.

    «Бейнефильмдерді көру» бөлімінде (0 Бейнефильмдерді қарау) сипатталғандай бейнефильмді ойнатыңыз. Ойнатуды бастау жəне жалғастыру үшін J түймешігін жəне кідірту үшін 3 түймешігін басыңыз. Көшіру керек кадрда бейнефильмді кідіртіңіз.

  2. Save current frame (Ағымдағы кадрды сақтау) пәрменін таңдаңыз.

    Ағымдағы кадрдың JPEG көшірмесін жасау үшін i мәзірін көрсету үшін i түймешігін басыңыз, содан кейін Save current frame (Ағымдағы кадрды сақтау) пәрменін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз. Кескін бейнефильм түсіру мәзіріндегі Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) параметрі үшін таңдалған өлшемдерде жазылады.

Save Current Frame (Ағымдағы кадрды сақтау)

Save current frame (Ағымдағы кадрды сақтау) параметрімен жасалған JPEG пішіміндегі бейнефильм суреттерін өңдеу мүмкін емес. JPEG пішіміндегі бейнефильм суреттерінде фотосурет туралы мәліметтің кейбір санаттары болмайды.