Optical/Radio AWL (Оптикалық/радио AWL)
Оптикалық және радио AWL режимдерін бірге пайдалануға болады. Жарқылды радиомен басқаруды фотокамераға қосылған WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігі, оптикалық басқаруды SU-800 сымсыз Speedlight басқару құралы, я болмаса фотокамераның керек-жарақтарға арналған құрылғысына бекітілген SB-910, SB-900, SB-800, SB-700 немесе SB-500 жарқыл бөлігі қамтамасыз етеді. Жалғастыру алдында радиомен басқарылатын жарқыл бөліктері мен WR-R10 арасында сымсыз байланыс орнатыңыз (0 Радио AWL). Фотокамераның керек-жарақтарға арналған құрылғысына SB-500 жарқыл бөлігі бекітілген болса, фотосурет түсіру мәзірінде Flash control (Жарқылды басқару) > Wireless flash options (Сымсыз жарқыл параметрлері) үшін Optical/radio AWL (Оптикалық/радио AWL) параметрін таңдаңыз; басқа жарқыл бөліктерінде немесе SU-800 жарқылды басқару бөлігінде бұл параметр автоматты түрде таңдалады.
Remote flash control (Жарқылды қашықтан басқару) үшін қолжетімді жалғыз параметр Group flash (Топтық жарқыл) болады. Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерінің әрқайсысы үшін топты (A–F) таңдаңыз. Оптикалық жолмен басқарылатын жарқыл бөліктерін A–C топтарына және радиомен басқарылатын бөліктерді D–F топтарына орналастырыңыз (D–F топтарының параметрлерін көрсету үшін топтық жарқыл параметрлері дисплейінде 1 немесе 3 түймешігін басыңыз).