Толық өлшемде және сурет нобайларын қарау арасында ауысу үшін X және W (Q) түймешіктерін пайдаланыңыз.

Толық өлшемде қарау

X 

 W (Q)

Сурет нобайын қарау

X 

 W (Q)

X 

 W (Q)

Толық өлшемде қарау

Соңғы суретті дисплейде толық өлшемде көру үшін K түймешігін басыңыз. Қосымша суреттерді 4 немесе 2 түймешігін басу арқылы көрсетуге болады; ағымдағы фотосурет туралы қосымша ақпаратты көру үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз, я болмаса DISP түймешігін басыңыз (0 Фотосурет туралы мәлімет).

Сурет нобайын қарау

Бірнеше кескінді көру үшін сурет толық өлшемде көрсетілгенде W (Q) түймешігін басыңыз. Көрсетілетін кескіндер саны W (Q) түймешігін басқан сайын 4–9–72 аралығында артады және X түймешігін басқан сайын азаяды. Кескіндерді белгілеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз.

Сенсорлық басқару элементтері

Сенсорлық басқару элементтерін мониторда суреттер көрсетілгенде пайдалануға болады (0 Playback (Қарау)).

Rotate Tall (Тік суреттерді бұру)

«Тік» (портреттік бағдардағы) фотосуреттерді тік бағдарда көрсету үшін қарау мәзірінде Rotate tall (Тік суреттерді бұру) параметрі үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз.

Image review (Кескінді тексере қарау)

Қарау мәзірінде Image review (Кескінді тексере қарау) үшін On (Қосулы) күйі таңдалғанда, фотосуреттер түсірілгеннен кейін автоматты түрде көрсетіледі (фотокамера дұрыс бағытта тұрғандықтан, кескіндер кескінді тексере қарау кезінде автоматты түрде бұрылмайды). On (monitor only) (Қосулы (тек монитор)) таңдалған болса, фотосуреттер көріністапқышта көрсетілмейді. Үздіксіз суретке түсіру режимдерінде фотосуреттер түсіру аяқталғанда көрсетіледі (ағымдағы қатардағы бірінші фотосурет көрсетіледі).