Төменде кейбір жиі кездесетін мәселелердің шешімдері тізілген.

Батарея/Дисплей

  • Фотокамера қосулы, бірақ жауап бермейді: жазу аяқталғанша күтіңіз. Егер мәселе қайталанса, фотокамераны өшіріңіз. Егер фотокамера өшірілмесе, батареясын алып, қайта салыңыз, егер айнымалы адаптерін пайдалансаңыз, айнымалы адаптерін ажыратып, қайта қосыңыз. Ағымдағы кез келген жазылып жатқан деректердің жойылатынын ескеріңіз, бірақ әлдеқашан жазылған деректерге қуат көзін алу немесе ажырату әсер етпейді.
  • Көріністапқыш немесе монитор қосылмайды:

    • Монитор режимі түймешігін пайдаланып басқа монитор режимін таңдаңыз (алдымен баптау мәзірінде Limit monitor mode selection (Монитор режимін таңдауды шектеу) параметрін пайдаланып қалаған режимді қосу керек болуы мүмкін екенін ескеріңіз).
    • Шаң, түк немесе басқа бөгде заттар көз сенсорының қалыпты жұмыс істеуіне кедергі болуы мүмкін. Көз сенсорын ауа үргішпен тазалаңыз.
  • Көріністапқыш фокустан тыс: көріністапқышты фокустау үшін диоптрияны реттеу тетігін айналдырыңыз. Бұл мәселені шешпесе, AF-S, жалғыз нүктелі АФ және орталық фокустау нүктесін таңдаңыз, содан кейін жоғары контрастты нысанды орталық фокустау нүктесінде жақтауға алып, фотокамераны фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Фотокамера фокуста болған кезде нысанды көріністапқышта фокусқа анық түрде алу үшін диоптрияны реттеу тетігін пайдаланыңыз.
  • Дисплейлер ескертусіз өшеді: c3 (Power off delay (Қуатты өшіруді кешіктіру)) қолданушы параметрі үшін ұзағырақ кешіктірулерді таңдаңыз.
  • Басқару панелі жауап бермейді және күңгірт: басқару панелінің жауап уақыттары және жарықтығы температураға қарай өзгеріп отырады.

Суретке түсіру

  • Фотокамераның қосылуына уақыт кетеді: файлдарды немесе қалталарды өшіріңіз.
  • Ысырманы босату өшірілген:

    • Жад картасы толы.
    • Баптау мәзірінде Slot empty release lock (Ұяшық бос кезде босату құлпы) үшін Release locked (Босату құлыпталған) мәні таңдалған және жад картасы салынбаған.
    • Ысырма жылдамдығы үшін Bulb (Қолмен басылу режимі) немесе Time (Уақыт) таңдалып, S режимі таңдалған.
  • Фотокамера ысырманы босату түймешігіне баяу жауап береді: d4 (Exposure delay mode (Экспозицияны кешіктіру режимі)) қолданушы параметрі үшін Off (Өшірулі) күйін таңдаңыз.
  • Үздіксіз түсіру режимдерінде ысырманы босату түймешігі басылған сайын тек бір сурет түсіріледі: HDR функциясын өшіріңіз.
  • Фотосуреттер фокусталмаған: автофокусты пайдаланып фокустау үшін AF-S, AF-C немесе AF-F фокустау режимін таңдаңыз. Фотокамера автофокустау арқылы фокустай алмайды: қолмен реттелетін фокусты немесе фокустау құлпын пайдаланыңыз (0 Autofocus (Автофокус)).
  • Дыбыстық сигналдар шықпайды:

    • Баптау мәзірінде Beep options (Дыбыстық сигнал параметрлері) > Beep on/off (Дыбыстық сигналды қосу/өшіру) үшін Off (Өшірулі) күйі таңдалған.
    • AF-C фокустау режимі таңдалған.
    • Фотосурет түсіру мәзірінде Silent photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру) үшін On (Қосулы) күйі таңдалған.
    • Фотокамера бейнефильм режимінде.
  • Ысырма жылдамдықтарының толық ауқымы қолжетімді емес: жарқыл пайдаланылуда. Жарқылды синхрондау жылдамдығын e1 (Flash sync speed (Жарқылды синхрондау жылдамдығы)) қолданушы параметрін пайдаланып таңдауға болады; үйлесімді жарқыл бөліктерін пайдаланғанда, ысырма жылдамдықтарының толық ауқымына қатынасу үшін 1/200 s (Auto FP) (1/200 c (Автоматты ФЖ)) параметрін таңдаңыз.
  • Ысырманы босату түймешігі жартылай басылғанда фокус құлыпталмайды: AF-C фокустау режимі таңдалған болса, фокусты қосымша селектордың ортасын басу арқылы құлыптауға болады.
  • Фокустау нүктесін өзгерту мүмкін емес: АФ аумағын автоматты түрде таңдау режимінде фокустау нүктесін таңдау қолжетімсіз; басқа АФ аумағы режимін таңдаңыз.
  • Фотокамера фотосуреттерді баяу жазады: ұзақ экспозиция бұрмалануын азайту параметрін қосыңыз.
  • Фотосуреттерде және бейнефильмдерде дисплейде көрсетілген алдын-ала қараумен бірдей экспозиция жоқ сияқты: экспозиция мен түске әсер ететін параметрлерге енгізілген өзгерістердің әсерлерін алдын-ала қарау үшін d8 (Apply settings to live view (Тікелей көрініске параметрлерді қолдану)) қолданушы параметрі үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз. Monitor brightness (Монитор жарықтығы) және Viewfinder brightness (Көріністапқыш жарықтығы) параметрлеріне енгізілген өзгерістер фотокамерамен жазылған кескіндерге әсер етпейтінін ескеріңіз.
  • Бейнефильм режимінде жыпылықтау немесе жолақтар пайда болады: бейнефильм түсіру мәзірінде Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту) параметрін және жергілікті айнымалы ток қуат көзінің жиілігіне сәйкес параметрді таңдаңыз.
  • Объектив көрінісінде жарық аймақтар немесе жолақтар көрінеді: сурет жыпылықтайтын белгі, жарқыл немесе ұзақтығы қысқа басқа жарық көзінің астында құрылуда.
  • Фотосуреттерде жағылған жерлер пайда болады: объективтің алдыңғы және артқы элементтерін тазалаңыз. Егер мәселе қайталанса, кескін сенсорын тазалаңыз.
  • Bokeh (Боке) біркелкі емес: жоғары ысырма жылдамдықтарын және/немесе жылдам объективтерді пайдаланғанда, сіз боке пішіні біркелкі емес екенін байқауыңыз мүмкін. Бұл әсерді баяуырақ ысырма жылдамдықтаырн және/немесе жоғарырақ f сандарын таңдау арқылы азайтуға болады.
  • Суреттерге байқалатын кескіннің қосарлануы немесе жарқырау әсер етеді: күнді немесе басқа қатты жарық көздерін қамтитын түсірілімдерде кескіннің қосарлануын немесе жарқырауды байқауыңыз мүмкін. Бұл әсерлерді бленданы жалғау немесе түсірілімдерді қатты жарық көздері кадрдан алыс етіп жиектеу арқылы азайтуға болады. Сонымен бірге объектив сүзгілерін алып тастау, басқа ысырма жылдамдығын таңдау немесе дыбыссыз фотосурет түсіруді пайдалану сияқты басқа әдістерді қолданып көруге болады.
  • Суретке түсіру күтпеген жерден аяқталады немесе басталмайды: қоршаған ортаның температурасы жоғары болса немесе фотокамера қатарынан суретке түсіру, бейнефильм жазу немесе сол сияқты үшін ұзақ пайдаланылса, фотокамераның ішкі тізбектерінің зақымдалуын болдырмау үшін суретке түсіру автоматты түрде аяқталуы мүмкін. Фотокамера қызып кеткендіктен суретке түсіре алмасаңыз, ішкі тізбектердің сууын күтіңіз, содан кейін әрекетті қайталаңыз. Фотокамера жылы сезілуі мүмкін екенін, бірақ бұл ақаулықты білдірмейтінін ескеріңіз.
  • Суретке түсіру кезінде дисплейде кескін бұрмаланулары пайда болады: объективтегі көріністі ұлғайтсаңыз, бұрмалану (кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің әркелкілігі немесе сызықтар) және күтпеген түстер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің әркелкілігі немесе жарық нүктелер суретке түсіру кезінде фотокамераның ішкі тізбектерінің температурасындағы артулардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін; пайдаланылып жатпағанда фотокамераны өшіріңіз. Жоғары ISO сезімталдықтарында ұзақ экспозицияларда немесе фотокамера температурасы көтерулі кезде жазылған суреттерде бұрмалану көбірек байқалуы мүмкін. Дисплейдегі бұрмаланудың үлестірімі түпкілікті суреттегіден басқаша болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Бұрмалануды азайту үшін ISO сезімталдық, ысырма жылдамдығы немесе Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) сияқты параметрлерді реттеңіз.
  • Фотокамера ақ түс балансын өлшей алмайды: нысан тым күңгірт немесе тым жарық.
  • Кескіндерді алдын-ала орнатылған ақ түс балансы үшін көз ретінде таңдау мүмкін емес: қарастырылып отырған кескіндер фотокамераның басқа үлгісімен жасалған.
  • Ақ түс балансының брекетингі қолжетімсіз:

    • NEF (RAW) немесе NEF + JPEG кескін сапасының параметрі кескін сапасы үшін таңдалған.
    • Бірнеше экспозиция немесе HDR (жоғары динамикалық ауқым) арқылы фотосурет түсіру қосулы.
  • Picture Control режимдерінің әсерлері әр кескінде әр түрлі болады: Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) үшін Auto (Автоматты) таңдалған, Auto (Автоматты) күйіне негізделген Picture Control режимі таңдалған, я болмаса Quick sharp (Жылдам анық ету), контраст немесе қанығуы үшін A (автоматты) мәні таңдалған. Фотосуреттер сериясында үйлесімді нәтижелерге қол жеткізу үшін басқа параметрді таңдаңыз.
  • Өлшеуді өзгерту мүмкін емес: автоэкспозиция құлпы қолданылып тұр.
  • Экспозиция түзетілімін пайдалану мүмкін емес: P, S немесе A режимін таңдаңыз.
  • Ұзақ экспозицияларда бұрмалану (түсті дақтар немесе басқа бұрмаланулар) көрінеді: ұзақ экспозиция бұрмалануын азайтуды қосыңыз.
  • АФ қосымша шамы жанбайды:

    • a12 (Built-in AF-assist illuminator (Кірістірілген АФ қосымша шамы)) қолданушы параметрі үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз.
    • Бейнефильм режимінде, я болмаса AF-C немесе MF фокустау режимі таңдалса, шам жанбайды.
  • Бейнефильмдерде дыбыс жазылмайды: бейнефильм түсіру мәзірінде Microphone sensitivity (Микрофон сезімталдығы) үшін Microphone off (Микрофон өшірулі) мәні таңдалған.

Ойнату

  • NEF (RAW) пішіміндегі кескіндер ойнатылмайды: суреттер NEF + JPEG кескін сапаларымен түсірілген.
  • Фотокамера басқа фотокамералармен жазылған суреттерді көрсетпейді: басқа фотокамера маркасымен түсірілген суреттер дұрыс көрсетілмеуі мүмкін.
  • Ойнату кезінде кейбір фотосуреттер көрсетілмейді: Playback folder (Ойнату қалтасы) үшін All (Барлығы) мәнін таңдаңыз.
  • «Тік» (портреттік) бағдардағы фотосуреттер «кең» (пейзаждық) бағдарда көрсетіледі:

    • Ойнату мәзірінде Rotate tall (Тік суреттерді бұру) үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз.
    • Фотосуреттер кескінді тексере қарау режимінде көрсетіледі.
    • Фотосурет түсірілген кезде фотокамера жоғары немесе төмен бағытталған.
  • Суреттерді өшіру мүмкін емес: суреттер қорғалған. Қорғауды алыңыз.
  • Суреттерді өңдеу мүмкін емес: бұл фотокамерамен суретті өңдеу мүмкін емес.
  • Фотокамера қалтада кескіндер жоқ делінген хабарды көрсетеді: Playback folder (Ойнату қалтасы) үшін All (Барлығы) мәнін таңдаңыз.
  • Суреттерді басып шығару мүмкін емес: NEF (RAW) және TIFF пішімдеріндегі фотосуреттерді тікелей USB байланысы арқылы басып шығару мүмкін емес. NX Studio арқылы фотосуреттерді компьютерге тасымалдаңыз және оларды басып шығарыңыз. NEF (RAW) фотосуреттерін NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу) арқылы JPEG пішімінде сақтауға болады.
  • HDMI құрылғыларында суреттер көрсетілмейді: HDMI кабелі (бөлек сатылады) қосулы екенін тексеріңіз.
  • HDMI құрылғыларына шығары күтілгендей жұмыс істемейді:

    • HDMI кабелі дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
    • Баптау мәзірінде HDMI > Advanced (Кеңейтілген) > External recording control (Жазуды сырттан басқару) үшін Off (Өшірулі) күйін таңдаңыз.
    • Баптау мәзірінде Reset all settings (Барлық параметрлерді қалпына келтіру) пәрменін таңдаудан кейін қайтадан тексеріңіз.
  • NX Studio бағдарламасындағы кескіндегі тозаң іздерін кетіру опциясы қалаған әсерді бермейді: кескін сенсорын тазалағанда кескін сенсорының орны ауысады. Кескін сенсорын тазалау орындалмай тұрып жазыған тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректерін кескін сенсорын тазалау орындалғаннан кейін түсірілген фотосуреттерде пайдалану мүмкін емес; осы сияқты, кескін сенсорын тазалау орындалғаннан кейін жазылған тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректерін кескін сенсорын тазалау орындалмай тұрып түсірілген фотосуреттерде пайдалану мүмкін емес.
  • Компьютерлер NEF (RAW) пішіміндегі кескіндерді фотокамера сияқты көрсетпейді: үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасы Picture Control режимдерінің, Active D-Lighting, виньеттеуді басқару немесе осы сияқты параметрлердің әсерлерін көрсетпейді. NX Studio бағдарламасын пайдаланыңыз.
  • Суреттерді компьютерге тасымалдау мүмкін емес: компьютердің операциялық жүйесі фотокамераның немесе кескінді тасымалдау бағдарламалық жасақтамасымен үйлесімді емес. Суреттерді компьютерге көшіру үшін жад картасын оқу құралын немесе карта ұяшығын пайдаланыңыз.

Bluetooth және Wi-Fi (сымсыз желілер)

  • Смарт құрылғылар фотокамераның SSID (желі атауы) көрсетпейді:

    • Фотокамераның баптау мәзірінде Airplane mode (Ұшақ режимі) үшін Disable (Өшіру) күйі таңдалғанына көз жеткізіңіз.
    • Фотокамераның баптау мәзірінде Connect to smart device (Смарт құрылғыға қосылу) > Pairing (Bluetooth) (Жұптастыру (Bluetooth)) > Bluetooth connection (Bluetooth байланысы) үшін Enable күйі таңдалғанына көз жеткізіңіз.
    • Смарт құрылғының Wi-Fi функциясын өшіріп, қайтадан қосып көріңіз.
  • Фотокамера сымсыз принтерлерге және басқа сымсыз құрылғыларға қосыла алмайды: бұл фотокамера тек компьютерлерге және смарт құрылғыларға қосыла алады.

Өзге мәліметтер

  • Жазу күні дұрыс емес: фотокамера сағатының дәлдігі сағаттардың және үй сағаттарының көпшілігінен азырақ. Сағатты дәлірек сағаттарға қарап жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз және қажет болса, қайта орнатыңыз.
  • Кейбір мәзір элементтерін таңдау мүмкін емес: параметрлердің белгілі бір тіркесімдерінде немесе жад картасы салынбаған болса, кейбір параметрлер қолжетімсіз.