Радио AWL
Радио AWL басқару әдісі SB-5000 жарқыл бөліктерінде қолжетімді. Фотокамераға WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігін жалғап, жарқыл бөліктері мен WR-R10 арасында сымсыз байланыс орнатыңыз.
- Сымсыз байланысты орнату
- Жарқыл параметрлерін реттеу
- Керек-жарақтарға арналған құрылғыға бекітілетін жарқыл бөлігін қосу
Сымсыз байланысты орнату
Радио AWL арқылы басқаруды пайдалану алдында WR-R10 және қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктері арасында сымсыз байланыс орнатыңыз.
-
C: WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігіне жалғаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігімен бірге қамтамасыз етілген құжаттаманы қараңыз.
-
C: Radio AWL (Радио AWL) параметрін таңдаңыз.
Фотосурет түсіру мәзірінде Flash control (Жарқылды басқару) > Wireless flash options (Сымсыз жарқыл параметрлері) үшін Radio AWL (Радио AWL) мәнін таңдаңыз.
WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігі
WR-R10 бағдарлама жасақтамасын 3.0 немесе одан кейінгі нұсқаға жаңартыңыз; бағдарлама жасақтамасының жаңартулары туралы ақпаратты аумағыңызға арналған Nikon веб-сайтынан қараңыз.
-
C: Арнаны таңдаңыз.
WR-R10 арна селекторын қажет арнаға орнатыңыз.
-
C: байланыс режимін таңдаңыз.
Баптау мәзірінде Wireless remote (WR) options (Сымсыз қашықтан басқару пультінің (WR) параметрлері) > Link mode (Байланыс режимі) тармағын таңдап, келесі параметрлерден таңдаңыз:
- Pairing (Жұптастыру): фотокамера тек бұрын жұптастырылған құрылғыларға қосылады. Бұл маңайдағы басқа құрылғылардан сигналға кедергілерді болдырмайды. Әр құрылғыны бөлек жұптастыру керек болғандықтан, құрылғылардың көп санына қосылғанда PIN коды ұсынылады.
- PIN: барлық құрылғылар арасында байланыс бірдей төрт цифрлы PIN коды арқылы бөлісіліп, мұны қашықтағы құрылғылардың көп саны арқылы фотосурет түсіру үшін жақсы таңдау етеді. Бірдей PIN кодын пайдаланатын бірнеше фотокамера бар болса, жарқыл бөліктерін тек бірінші қосылатын фотокамера басқарады. Бұл басқа фотокамералардың қосылуын болдырмайды (әсер етілген фотокамераларға қосылған WR-R10 бөліктеріндегі LED шамдары жыпылықтайды).
-
f: сымсыз байланысты орнатыңыз.
Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін радио AWL қашықтан істейтін жарқыл режиміне орнатыңыз және құрылғыларды 3-қадамда таңдаған арнаға орнатыңыз, содан кейін қашықтағы бөліктердің әрқайсысын 4-қадамда таңдалған параметрге сай WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігімен жұптастырыңыз:
- Pairing (Жұптастыру): қашықтағы бөлікте жұптастыруды бастап, WR-R10 суреттерді жұптастыру түймешігін басыңыз. Жұптастыру WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігіндегі және жарқыл бөлігіндегі LINK шамдары сарғылт және жасыл түстермен жыпылықтағанда аяқталады; байланыс орнатылғаннан кейін қашықтан басқарылатын жарқыл бөлігіндегі LINK шамы жасыл түспен жанады.
- PIN: 4-қадамда таңдаған PIN кодын енгізу үшін қашықтан басқарылатын жарқыл бөлігіндегі басқару элементтерін пайдаланыңыз. Байланыс орнатылғаннан кейін қашықтағы бөліктегі LINK шамы жасыл түспен жанады.
-
f: Барлық жарқыл бөліктерінің жарқылдың дайындығын білдіретін шамдары жанып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Радио AWL режимінде барлық жарқыл бөліктері дайын болғанда жарқылдың дайындығын білдіретін индикатор фотокамераның дисплейінде жанады.
Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерінің тізімі
Қазіргі уақытта радио AWL арқылы басқарылатын жарқыл бөліктерін көру үшін фотосурет түсіру мәзірінде Flash control (Жарқылды басқару) > Radio remote flash info (Радиомен қашықтан басқарылатын жарқыл туралы ақпарат) тармағын таңдаңыз. Әр бөліктің идентификаторын (қашықтан басқарылатын жарқыл бөлігінің атауы) жарқыл бөлігінің басқару тетіктерін пайдаланып өзгертуге болады.
Қосылған жарқыл бөлігі |
Топ | Жарқылдың дайындығын білдіретін индикатор |
Қайта қосылу
Арна, байланыс режимі және басқа параметрлер бірдей болып қалса, қашықтан істейтін жарқыл режимін таңдағанда WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігі бұрын жұптастырылған жарқыл бөліктеріне автоматты түрде қосылады және 3–5 қадамдарын өткізіп жіберуге болады. Байланыс орнатылғанда жарқыл бөлігінің LINK шамы жанады.
Жарқыл параметрлерін реттеу
Фотосурет түсіру мәзірінде Flash control (Жарқылды басқару) > Wireless flash options (Сымсыз жарқыл параметрлері) үшін Radio AWL (Радио AWL) параметрін таңдағаннан кейін Remote flash control (Жарқылды қашықтан басқару) үшін Group flash (Топтық жарқыл), Quick wireless control (Жылдам сымсыз басқару) немесе Remote repeating (Қашықтан қайталау) параметрін таңдап, параметрлерді төменде сипатталғандай реттеңіз.
Group Flash (Топтық жарқыл)
Бұл параметрді параметрлерді әр топ үшін бөлек реттеу үшін таңдаңыз.
-
C: Group flash (Топтық жарқыл) параметрін таңдаңыз.
Фотосурет түсіру мәзірінде Flash control (Топтық жарқыл) > Remote flash control (Жарқылды қашықтан басқару) үшін Group flash (Топтық жарқыл) мәнін таңдаңыз.
-
C: Group flash options (Топтық жарқыл параметрлері) параметрін таңдаңыз.
Жарқылды басқару дисплейінде Group flash options (Топтық жарқыл параметрлері) тармағын белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
C: жарқылды басқару режимін таңдаңыз.
Басты жарқыл және әр топтағы жарқыл бөліктері үшін жарқылды басқару режимін және жарқыл деңгейін таңдаңыз:
- TTL: i-TTL жарқылды басқару
- qA: автоматты апертура (тек үйлесімді жарқыл бөліктерінде қол жетімді)
- M: жарқыл деңгейін қолмен таңдау
- – – (өшірулі): бөліктер жанбайды және жарқыл деңгейін реттеу мүмкін емес
-
f: қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін топтаңыз.
Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерінің әрқайсысы үшін топты (A–F) таңдаңыз. Кез келген тіркесімде басты жарқыл 18-ге дейін жарқыл бөліктерін басқара алады.
-
C/f: түсірілімді жиектеңіз.
Түсірілімді жиектеңіз және жарқыл бөліктерін орналастырыңыз. Қосымша ақпаратты жарқыл бөліктерімен бірге қамтамасыз етілген құжаттамадан қараңыз. Бөліктерді орналастырудан кейін жарқылдың ақпараттық дисплейінде i түймешігін басыңыз (0 Жарқыл параметрлерін өзгерту) және бөліктердің жанауын тексеру және олардың қалыпты жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін c Test flash (c Жарқылды тексеру) пәрменін таңдаңыз.
-
C: фотосурет түсіріңіз.
Quick Wireless Control (Жылдам сымсыз басқару)
С тобы үшін шығысты қолмен орнату кезінде А және В топтары үшін жалпы жарқыл түзетілімін және олардың арасындағы салыстырмалы балансты басқару үшін осы параметрді таңдаңыз.
-
C: Quick wireless control (Жылдам сымсыз басқару) параметрін таңдаңыз.
Фотосурет түсіру мәзірінде Flash control (Жарқылды басқару) > Remote flash control (Жарқылды қашықтан басқару) үшін Quick wireless control (Жылдам сымсыз басқару) мәнін таңдаңыз.
-
C: Quick wireless control options (Жылдам сымсыз басқару параметрлері) параметрін таңдаңыз.
Жарқылды басқару дисплейінде Quick wireless control options (Жылдам сымсыз басқару параметрлері) тармағын белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
C: жарқыл параметрлерін реттеңіз.
А және В топтары арасындағы балансты таңдаңыз.
А және В топтары үшін жарқыл түзетілімін реттеңіз.
C тобындағы бөліктер үшін жарқылды басқару режимін және жарқыл деңгейін таңдаңыз:
- M: жарқыл деңгейін қолмен таңдаңыз.
- – –: C тобындағы бөліктер жанбайды.
-
f: қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін топтаңыз.
Топты (A, B немесе C) таңдаңыз. Кез келген тіркесімде басты жарқыл 18-ге дейін жарқыл бөліктерін басқара алады.
-
C/f: түсірілімді жиектеңіз.
Түсірілімді жиектеңіз және жарқыл бөліктерін орналастырыңыз. Қосымша ақпаратты жарқыл бөліктерімен бірге қамтамасыз етілген құжаттамадан қараңыз. Бөліктерді орналастырудан кейін жарқылдың ақпараттық дисплейінде i түймешігін басыңыз (0 Жарқыл параметрлерін өзгерту) және бөліктердің жанауын тексеру және олардың қалыпты жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін c Test flash (c Жарқылды тексеру) пәрменін таңдаңыз.
-
C: фотосурет түсіріңіз.
Remote Repeating (Қашықтан қайталау)
Бұл параметр таңдалған болса, ысырма ашық кезде жарқыл бөліктері қайта-қайта жанып, бірнеше экспозиция әсерін тудырады.
-
C: Remote repeating (Қашықтан қайталау) параметрін таңдаңыз.
Фотосурет түсіру мәзірінде Flash control (Жарқылды басқару) > Remote flash control (Жарқылды қашықтан басқару) үшін Remote repeating (Қашықтан қайталау) мәнін таңдаңыз.
-
C: Remote repeating options (Қашықтан қайталау параметрлері) параметрін таңдаңыз.
Жарқылды басқару дисплейінде Remote repeating options (Қашықтан қайталау параметрлері) тармағын белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
C: жарқыл параметрлерін реттеңіз.
Жарқыл деңгейін (Output (Шығыс)), жарқыл бөліктері ең көбі қанша рет жанатынын (Times (Саны)) және жарқыл бөліктері секундына қанша рет жанатынын (Frequency (Жиілік)) таңдаңыз.
Таңдалған топтарды қосыңыз немесе өшіріңіз. Таңдалған топты қосу үшін ON (ҚОСУЛЫ) күйін, таңдалған топты өшіру үшін – – күйін таңдаңыз.
-
f: қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін топтаңыз.
Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерінің әрқайсысы үшін топты (A–F) таңдаңыз. Кез келген тіркесімде басты жарқыл 18-ге дейін жарқыл бөліктерін басқара алады.
-
C/f: түсірілімді жиектеңіз.
Түсірілімді жиектеңіз және жарқыл бөліктерін орналастырыңыз. Қосымша ақпаратты жарқыл бөліктерімен бірге қамтамасыз етілген құжаттамадан қараңыз. Бөліктерді орналастырудан кейін жарқылдың ақпараттық дисплейінде i түймешігін басыңыз (0 Жарқыл параметрлерін өзгерту) және бөліктердің жанауын тексеру және олардың қалыпты жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін c Test flash (c Жарқылды тексеру) пәрменін таңдаңыз.
-
C: фотосурет түсіріңіз.
Керек-жарақтарға арналған құрылғыға бекітілетін жарқыл бөлігін қосу
Радиомен басқарылатын жарқыл бөліктерін фотокамераның керек-жарақтарға арналған құрылғысына бекітілген келесі жарқыл бөліктерінің кез келгенімен біріктіруге болады:
- SB-5000: бекіту алдында жарқыл бөлігін радиомен басқарылатын басты жарқыл режиміне орнатыңыз (дисплейдің жоғарғы сол жақ бұрышында d белгішесі көрсетіледі), сөйтіп топтық немесе қашықтан бірнеше рет жанатын жарқылды басқаруды таңдаңыз. Бөлік жалғанғаннан кейін параметрлерді жарқыл бөлігіндегі басқару элементтерін немесе фотокамера мәзірлерінде Group flash options (Топтық жарқыл параметрлері) > Master flash (Басты жарқыл) тармағында немесе Remote repeating options (Қашықтан қайталау параметрлері) дисплейінің «M» тармағында тізілген параметрлерді пайдаланып реттеуге болады.
- SB-910, SB-900, SB-800, SB-700, SB-600: жарқылды оқшау пайдалануға конфигурациялаңыз және жарқыл параметрлерін реттеу үшін жарқыл бөлігіндегі басқару тетіктерін пайдаланыңыз.
- SB-500, SB-400, SB-300: бөлікті фотокамераға бекітіп, параметрлерді фотокамераның Group flash options (Топтық жарқыл параметрлері) > Master flash (Бастсы жарқыл) параметрін пайдаланып реттеңіз.