Бейнефильмдер түсіру (b режимі)
Сондай-ақ b (автоматты) режимін қарапайым, «бағытта да, түсір» режимінде бейнефильм жазу үшін пайдалануға болады.
-
Фотокамераны қосыңыз.
Монитор және басқару панелі жанады.
-
Бейнефильм режимін таңдаңыз.
Фотосурет/бейнефильм селекторын 1 күйіне айналдырыңыз. Фотокамера бейнефильм режимінде болғанда қосымша жарқылы бөліктерін пайдалану мүмкін емес екенін ескеріңіз.
-
b режимін таңдаңыз.
Фотокамераның үстіндегі режимді таңдау дискінің құлпын босату түймешігін басып, режимді таңдау дискін b күйіне айналдырыңыз.
-
Жазуды бастаңыз.
Жазуды бастау үшін бейнефильмді жазу түймешігін басыңыз. Жазу орындалып жатқанда фотокамера жазу индикаторын және қалған уақытты көрсетеді. AF-ON (АФ-ҚОСУЛЫ) түймешігін басу немесе дисплейде нысанды нұқу арқылы фотокамераны жазу барысында кез келген уақытта қайта фокустауға болады. Дыбыс кірістірілген микрофон арқылы жазылады; жазу кезінде микрофонды жаппаңыз.
-
Жазуды аяқтаңыз.
Жазуды аяқтау үшін бейнефильмді жазу түймешігін қайта басыңыз. Жад картасына қатынасу шамы фотокамера бейнефильмді жад картасына сақтауды аяқтап жатқанда жанып тұрады. Шам өшкенше және жазу аяқталғанға дейін жад картасын алмаңыз немесе қуат көзін шығармаңыз немесе ажыратпаңыз.
0 белгішесі
0 белгішесі бейнефильмдерді жазуға болмайтынын көрсетеді.
Бейнефильм режимінде ысырманы босату түймешігін соңына дейін басу арқылы жазуды үзусіз фотосуреттер түсіруге болады. Фотосурет түсіргенде дисплейде C белгішесі жыпылықтайды.
Бейнефильм режимінде фотосуреттер түсіру
Фотосуреттерді тіпті нысан фокуста болмаса да түсіруге болатынын ескеріңіз. Фотосуреттер жоғары m сапалы JPEG пішімінде, қазіргі уақытта бейнефильмнің кадр өлшемі таңдалған өлшемдерде жазылады. Үздіксіз суретке түсіру режимдерінде жазу кідіртілген кездегі кадрдың ілгерілеу жылдамдығы Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) үшін таңдалған параметрге қарай өзгеріп отырады, бірақ жазу орындалып жатқанда ысырманы босату түймешігін басқан сайын тек бір фотосурет түсіріледі. Әр бейнефильмде 50-ге дейін фотосурет түсіруге болады.
Суретке түсіру кезінде
Флюоресцентті, сынап газ разрядты немесе натрий шамдар астында дисплейде және түсірілген фотосуреттер мен бейнефильмдерде немесе қозғалыстағы нысандарды түсіргенде, әсіресе фотокамера көлденеңінен панорамаланса немесе нысан кадр арқылы жоғары жылдамдықпен жылжыса, жыпылықтау, жолақтар немесе бұрмалану көрінуі мүмкін. Кертілген шеттер, түсті жиек, муар және жарық нүктелер де пайда болуы мүмкін. Жыпылықтайтын белгілер немесе басқа үзік-үзік жарық көздері болғанда, я болмаса нысан стробоскоптық немесе басқа жарық, уақытша жарық көзімен қысқа уақытқа жарықтандырылса, кадрдың кейбір аумақтарында жарық аймақтар немесе жолақтар пайда болуы мүмкін, ал объектив көрінісін ұлғайтсаңыз, бұрмалану (кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің әркелкілігі немесе сызықтар) және күтпеген түстер пайда болуы мүмкін. Бейнефильм жазу кезінде электр жетекті апертура пайдаланылса, жыпылықтау орын алуы мүмкін.
Фотокамераны күнге немесе басқа күшті жарық көздеріне бағыттамаңыз. Бұл сақтық шараны орындамау нәтижесінде фотокамераның ішкі тізбектері зақымдалуы мүмкін.
Бейнефильмдерді жазу
Максималды ұзақтыққа жеткенде, жад картасы толғанда немесе объектив алынса, я болмаса фотосурет/бейнефильм селекторы C күйіне айналдырылса, жазу автоматты түрде аяқталады. Кірістірілген микрофон дірілді азайту, автофокус немесе апертураға өзгертулер енгізу кезінде фотокамера шығаратын дыбыстарды жазуы мүмкін екенін ескеріңіз.