Батареяны зарядтау
Пайдалану алдында жинақтағы EN-EL15b батареясын зарядтаңыз.
Батарея жəне зарядтау құрылғысы
«Қауіпсіздік шаралары» (0 Қауіпсіздік шаралары) және «Фотокамераға және батареяға күтім көрсету: сақтық шаралары» (0 Фотокамераға жəне батареяға күтім көрсету: сақтық шаралары) бөлімдеріндегі ескертулер мен сақтық шараларын оқып, орындаңыз.
Зарядтау құрылғысы
Жинақтағы EN-EL15b батареясын салып, зарядтау құрылғысын розеткаға қосыңыз. Елге немесе аймаққа байланысты зарядтау құрылғысында айнымалы ток қабырға адаптері немесе қуат кабелі болады.
-
Айнымалы ток қабырға адаптері: айнымалы ток қабырға адаптерін зарядтау құрылғысының айнымалы ток сымының кіріс ұяшығына кіргізіңіз (q). Айнымалы ток қабырға адаптерінің ілмегін көрсетілгендей сырғытыңыз (w) және орнында бекіту үшін адаптерді 90° бұрыңыз (e). Батареяны салып, зарядтау құрылғысын розеткаға қосыңыз.
-
Қуат кабелі: қуат кабелінің ашасын көрсетілген бағытта қосудан кейін батареяны салып, кабельді розеткаға қосыңыз.
Батарея зарядталып жатқанда CHARGE (ЗАРЯДТАУ) шамы жыпылықтайды. Таусылған батарея шамамен екі сағат, 35 минуттан кейін толығымен зарядталады.
Зарядтау айнымалы ток адаптері
Фотокамераға салынған кезде, EN-EL15c/EN-EL15b қайта зарядталатын литий-ионды батареялары фотокамера қосымша EH-7P зарядтау айнымалы ток адаптеріне қосулы кезде зарядталады (EH-7P зарядтау айнымалы ток адаптерін EN-EL15a және EN-EL15 батареяларын зарядтау үшін пайдалану мүмкін емес; оның орнына жинақтағы MH-25a зарядтау құрылғысын пайдаланыңыз). Таусылған батарея шамамен екі сағат 35 минуттан кейін толығымен зарядталады. Талап етілетін елдерде немесе аймақтарда зарядтау айнымалы ток адаптерлері ашалы адаптер жалғанған күйде қамтамасыз етілетінін ескеріңіз; ашалы адаптердің пішіні сатылатын елге қарай өзгеріп отырады.
-
EN-EL15c/EN-EL15b батареясын фотокамераға салыңыз (0 Батареяны жəне жад картасын салу).
-
Фотокамера өшірулі екеніне көз жеткізгеннен кейін зарядтау айнымалы ток адаптерін қосып, адаптерді розеткаға қосыңыз. Ашаны немесе ашалы адаптерді розеткаға бұрышпен емес, түзу қосыңыз және ашалы адаптерді розеткадан суырғанда дәл осы сақтық шарасын қолданыңыз.
Фотокамераның CHARGE (ЗАРЯДТАУ) шамы зарядтау орындалып жатқанда сары түспен жанады және зарядтау аяқталғанда өшеді. Қосулы кезде фотокамераны пайдалануға болғанымен, фотокамера қосулы кезде батарея зарядталмайтынын және фотокамера зарядтау айнымалы ток адаптерінен қуат алмайтынын ескеріңіз.
-
Зарядтау аяқталғанда зарядтау айнымалы ток адаптерін розеткадан ажыратыңыз және ажыратыңыз.
CHARGE (ЗАРЯДТАУ) шамы
Батареяны зарядтау айнымалы ток адаптерін пайдаланып зарядтау мүмкін болмаса, (мысалы, батарея үйлесімді болмағандықтан немесе фотокамераның температурасы көтерілгендіктен), CHARGE (ЗАРЯДТАУ) шамы шамамен 30 секунд бойы тез жыпылықтайды, содан кейін өшеді. CHARGE (ЗАРЯДТАУ) шамы өшірулі болса және сіз батареяның зарядталуын бақыламасаңыз, фотокамераны қосыңыз және батарея деңгейін тексеріңіз.