Silent Photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру)
Электрондық ысырманы қосу және механикалық ысырманың жұмысы тудыратын шу мен дірілді жою үшін фотосурет түсіру мәзірінде Silent photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру) үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз. Баптау мәзірінде Beep options (Дыбыстық сигнал параметрлері) үшін таңдалған параметрге қарамастан, фотокамера фокустағанда немесе өздігінен түсіруді реттейтін таймер кері санап жатқанда дыбыстық сигнал шықпайды. Электрондық ысырма d5 (Shutter type (Ысырма түрі)) қолданушы параметрі үшін таңдалған параметрге қарамастан пайдаланылатынын ескеріңіз.
Дыбыссыз фотосурет түсіру қосулы кезде белгіше көрсетіледі. Continuous H (extended) (Үздіксіз Ж (кеңейтілген)) режимінен басқа суретке түсіру режимдерінде ысырманы босатқанда фотосурет түсірілгенін көрсету үшін дисплей қысқа уақытқа күңгірттенеді.
Дыбыссыз фотосурет түсіруді қосу үздіксіз суретке түсіру режимдері үшін кадрдың ілгерілеу жылдамдықтарын өзгертеді (0 Кадрдың ілгерілеу жылдамдығы) және кейбір мүмкіндіктерді, соның ішінде жарқылды, ұзақ экспозиция бұрмалануын азайтуды және жыпылықтауды азайтуды өшіреді.
Silent Photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру)
Silent photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру) үшін On (Қосулы) күйін таңдау ысырманың дыбысын өшіреді, бірақ фотографтарды нысандардың жеке өмірге құқығын және кескінге құқықтарын бұзбау қажеттілігінен босатпайды. Механикалық ысырманың шуы өшірілгенімен, басқа дыбыстар әлі де естілуі мүмкін, мысалы автофокусты немесе апертураны реттеу кезінде, я болмаса Vibration reduction (Дірілді азайту) үшін Off (Өшірулі) күйінен басқа параметр таңдалған кезде G немесе K түймешігін бассаңыз. Дыбыссыз фотосурет түсіру кезінде флюоресцентті, сынап газ разрядты немесе натрий газ разрядты шамдар астында, я болмаса суретке түсіру кезінде фотокамера немесе нысан қозғалса, дисплейде және түпкілікті суретте жыпылықтау, жолақтар немесе бұрмалану көрінуі мүмкін. Кертілген шеттер, түсті жиек, муар және жарық нүктелер де пайда болуы мүмкін. Жыпылықтайтын белгілерден және басқа үзік-үзік жарық көздерінен, я болмаса нысанды стробоскоптық немесе басқа жарық, лездік жарық көзі қысқа уақытқа жарықтандырса, кадрдың кейбір аумақтарында жарық аймақтар немесе жолақтар көрінуі мүмкін.