Толығымен зарядталған EN-EL15b 1 батареясы арқылы жазуға болатын түсірілген бөліктің жуықталған ұзақтығы немесе суреттер саны монитор режиміне қарай өзгеріп отырады. Фотосуреттер үшін сандар 2 келесідей:

  • Viewfinder only (Тек көріністапқыш): 330 түсірілім (Z 7), 310 түсірілім (Z 6)
  • Monitor only (Тек монитор): 400 түсірілім (Z 7), 380 түсірілім (Z 6)

Бейнефильмдер үшін сандар 3:

  • Viewfinder only (Тек көріністапқыш): 85 минут
  • Monitor only (Тек монитор): 85 минут

Келесі сияқты әрекеттер батареяның қызмет көрсету мерзімін қысқартуы мүмкін:

  • Ысырманы босату түймешігін жартылай басып ұстап тұру
  • Қайталанатын автофокус әрекеттері
  • NEF (RAW) фотосуреттерін түсіру
  • Ысырманың баяу жылдамдықтары
  • Фотокамераның Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі) және Bluetooth мүмкіндіктерін пайдалану
  • Фотокамераны қосымша керек-жарақтар жалғанған күйде пайдалану
  • Қайта-қайта ұлғайту және кішірейту

Қайта зарядталатын Nikon EN-EL15b батареяларын барынша пайдалану үшін:

  • Батарея түйіспелерін таза ұстаңыз. Ластанған түйіспелер батарея жұмысын нашарлатуы мүмкін.
  • Батареяларды зарядтап болғаннан кейін бірден пайдаланыңыз. Батареялар пайдаланылмаса зарядын жоғалтады.

Сондай-ақ EN-EL15c/EN-EL15a/EN-EL15 батареяларын пайдалануға болады. Дегенмен, EN-EL15a/EN-EL15 батареяларын пайдаланғанда бір зарядта азырақ суреттер түсіре алатыныңызды ескеріңіз. Төзімділік батарея күйіне, температураға, суреттер арасындағы аралыққа және мәзірлерді көрсету уақытының ұзақтығына қарай өзгеріп отырады.

CIPA стандарты. 23 °C (±2 °C) температурасында NIKKOR Z 24–70 мм f/4 S объективімен және SONY QD-G64E жад картасымен (деректер 2018 жылдың шілде айында алынған) келесі сынақ жағдайларында түсірілген: 30 с сайын әдепкі параметрлерде бір фотосурет түсірілген.

23 °C (±2 °C) температурасында фотокамераның әдепкі параметрлерімен, NIKKOR Z 24–70 мм f/4 S объективімен және SONY QD-G64E жад картасымен (деректер 2018 жылдың шілде айында алынған) Camera and Imaging Products Association (Фотокамераларды және суретті өңдеу құрылғыларын өндірушілер ассоциациясы) (CIPA) көрсеткен жағдайларда өлшенген. Жекелеген бейнефильмдердің ұзындығы 29 минут 59 секундқа дейін бола алады; фотокамераның температурасы көтерілсе, жазу бұл лимитке жетпей тұрып аяқталуы мүмкін.