Фотокамераны Z бекіткіші бар объективтермен бірге пайдалануға болады. Объективтерді жалғау немесе алу алдында фотокамераның қуат ажыратқышы OFF (ӨШІРУЛІ) күйінде екеніне көз жеткізіңіз. Объективті немесе корпус қақпағын алғанда фотокамераға шаңның кіруін болдырмаңыз және суреттер түсіру алдында объектив қақпағын алыңыз. Осы нұсқаулықта көрнекілік мақсатта негізінен NIKKOR Z 24–70 мм f/4 S объективі пайдаланылады.

Фотокамераның корпус қақпағын алыңыз

Объективтің артқы қақпағын алыңыз

  Бекіту таңбасы (фотокамера)

  Бекіту таңбасы (объектив)

Бекіту таңбаларын туралаңыз

G

Кескін сенсорына немесе объектив түйіспелеріне тимеңіз.

Объективті орнына «шырт» етіп түскенше көрсетілгендей бұраңыз

F бекіткіші бар объективтер

F бекіткіші бар объективтерді пайдалану алдында FTZ орнату адаптерін (бөлек қамтамасыз етіледі немесе қолжетімді, 0 FTZ орнату адаптерінің қолданушы нұсқаулығы) жалғаңыз. F бекіткіші бар объективтерді тікелей фотокамераға жалғауға әрекеттену объективті немесе кескін сенсорын зақымдауы мүмкін.

Объективтерді ажырату

Объективтерді алу немесе ауыстыру кезінде фотокамераны өшіруді ұмытпаңыз. Объективті алу үшін объективті босату түймешігін (q) басып, ұстап тұрыңыз және объективті сағат тілі бағытында бұраңыз (w). Объективті алғаннан кейін объектив қақпағын мен фотокамера корпусының қақпағын қайта орнатыңыз.