Рұқсат етілген жад карталары
Бұл фотокамераны XQD және CFexpress Type B жад карталарымен бірге пайдалануға болады. Бейнефильм жазу үшін жазу жылдамдықтары 45 МБ/с (300×) немесе жақсырақ карталар ұсынылады; баяуырақ жылдамдықтар жазуды немесе ойнатуды үзуі, я болмаса үзік-үзік және біркелкі емес ойнатуға әкелуі мүмкін. Үйлесімділік және пайдалану туралы ақпарат алу үшін өндірушіге хабарласыңыз.