Фотосуреттер түсіру (b режимі)
Параметрлердің көпшілігін суретке түсіру жағдайларына сай фотокамера басқаратын «бағытта да, түсір» автоматты режимі болып табылатын b (автоматты) режимінде фотосуреттер түсіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
Жиналмалы жиектемелері бар объективтер
Пайдалану алдында жиналмалы жиектемелері бар объективтерді ұзарту керек. Объектив ұзартылған күйіне «шырт» етіп түскенше объективтің масштабтау сақинасын айналдырыңыз.
-
Фотокамераны қосыңыз.
Монитор және басқару панелі жанады.
-
Фотосурет режимін таңдаңыз.
Фотосурет/бейнефильм селекторын C күйіне айналдырыңыз.
-
b режимін таңдаңыз.
Фотокамераның үстіндегі режимді таңдау дискінің құлпын босату түймешігін басып, режимді таңдау дискін b күйіне айналдырыңыз.
-
Фотокамераны дайындаңыз.
Қол тұтқасын оң қолыңызда және фотокамера корпусын немесе объективті сол қолыңызда ұстаңыз. Шынтақтарыңызды денеңіздің бүйірлеріне әкеліңіз.
-
Фотосуретті жақтауға алыңыз.
Суретті жақтауға алыңыз және фокустау нүктесін нысанның үстіне орналастыру үшін қосымша селекторды немесе мульти селекторды пайдаланыңыз.
-
Фокустаңыз.
Фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз немесе AF-ON (АФ-ҚОСУЛЫ) түймешігін басыңыз (нысан нашар жарықтандырылған болса, АФ қосымша шамы жануы мүмкін). AF-S фокустау режимі таңдалған болса, фотокамера фокустай алса, фокустау нүктесі жасыл түспен көрсетіледі; фотокамера фокустай алмаса, фокустау нүктесі қызыл түспен жыпылықтайды.
АФ қосымша шамы
Жанып тұрғанда АФ қосымша шамын жаппаңыз.
-
Суретке түсіріңіз.
Фотосурет түсіру үшін ысырманы босату түймешігін ақырын соңына дейін басыңыз (сондай-ақ мониторды түрту арқылы фотосурет түсіруге болады: фокустау үшін нысанды түртіңіз және ысырманы босату үшін саусақты көтеріңіз). Жад картасына қатынасу шамы фотосурет жад картасына жазылып жатқанда жанып тұрады. Шам өшкенше және жазу аяқталғанға дейін жад картасын алмаңыз немесе қуат көзін шығармаңыз немесе ажыратпаңыз.
Күту режимінің таймері
Шамамен 30 секунд бойы әрекеттер орындалмаса, батарея зарядының тұтынылуын азайту үшін монитор, көріністапқыш және басқару панелі өшпей тұрып, дисплей бірнеше секундқа күңгірттенеді. Дисплейді қайта белсендіру үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Күту режимінің таймері автоматты түрде аяқталғанға дейінгі уақыт ұзақтығын c3 (Power off delay (Қуатты өшіруді кешіктіру)) > Standby timer (Күту режимінің таймері) қолданушы параметрін пайдаланып таңдауға болады.