Ақауларды жою
Фотокамерадағы кез келген мәселелерді төмендегі қадамдарды орындау арқылы шеше алуыңыз мүмкін. Дүкенге немесе Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне хабарласу алдында осы тізімді тексеріңіз.
1-қадам |
Келесі бөлімдерде тізілген жиі кездесетін мәселелерді тексеріңіз:
|
---|
2-қадам |
Фотокамераны өшіріп, батареяны алыңыз. Шамамен бір минут күтуден кейін батареяны қайта салып, фотокамераны қосыңыз. Суретке түсіруді енді аяқтасаңыз, батареяны алу алдында кемінде бір минут күтіңіз, өйткені фотокамера жад картасына әлі деректер жазып жатуы мүмкін. |
---|
3-қадам |
Nikon веб-сайттарында іздеңіз. Қолдау ақпаратын және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды алу үшін еліңізге немесе аймағыңызға арналған веб-сайтқа кіріңіз. Фотокамераға арналған соңғы бағдарлама жасақтамасын жүктеп алу үшін мына бетке кіріңіз: |
---|
4-қадам |
Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз. |
---|
Әдепкі параметрлерді қалпына келтіру
Ағымдағы параметрлерге байланысты кейбір мәзір элементтері және басқа мүмкіндіктер қолжетімсіз болуы мүмкін. Сұр етілген мәзір элементтеріне немесе басқалай қолжетімсіз мүмкіндіктерге қатынасу үшін баптау мәзіріндегі Reset all settings (Барлық параметрлерді қалпына келтіру) элементін пайдаланып әдепкі параметрлерді қалпына келтіріп көріңіз (0 Reset All Settings (Барлық параметрлерді қалпына келтіру)). Дегенмен, сымсыз желі профильдері, авторлық құқық туралы ақпарат және басқа қолданушы жасаған жазбалар да қалпына келтірілетінін ескеріңіз. Қалпына келтіруді орындау алдында баптау мәзіріндегі Save/load settings (Параметрлерді сақтау/жүктеу) параметрін пайдаланып параметрлерді сақтау ұсынылады.