Уақыт белдеулерін өзгерту, фотокамера сағатын орнату, күнді көрсету ретін таңдау және жазғы уақытты қосу немесе өшіру. Фотокамера сағатын дәлірек сағаттарға қарап жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз және қажет болса, уақыт пен күн параметрлерін түзетіп отырыңыз.
Параметр | Сипаттама |
---|---|
Time zone (Уақыт белдеуі) | Уақыт белдеуін таңдаңыз. Фотокамера сағаты жаңа уақыт белдеуіндегі уақытқа сай автоматты түрде орнатылады. |
Date and time (Күн және уақыт) | Фотокамера сағатын орнатыңыз. |
Date format (Күн пішімі) | Күннің, айдың және жылдың көріну ретін таңдаңыз. |
Daylight saving time (Жазғы уақыт) | Жазғы уақытты қосыңыз немесе өшіріңіз. Фотокамера сағаты өздігінен бір сағат алға немесе бір сағат артқа ауысады. Әдепкі параметр — Off (Өшірулі). |
Сағат қалпына келтірілсе, t индикаторы көрсетіледі.