Ойнататын қалтаны таңдаңыз.
| Параметр | Сипаттама |
|---|---|
| (Қалта атауы) | Ойнату кезінде барлық қалталардағы таңдалған атауы бар суреттер көрінеді. Қалталарды фотосурет түсіру мәзіріндегі Storage folder (Сақтау қалтасы) > Rename (Қайта атау) параметрін пайдаланып қайта атауға болады (0 Storage Folder (Сақтау қалтасы)). |
| All (Барлығы) | Барлық қалталардағы суреттерді ойнату кезінде көруге болады. |
| Current (Ағымдағы) | Тек ағымдағы қалтадағы суреттерді ойнату кезінде көруге болады. |
