Қалталарды қайта атаңыз және кейінгі суреттер сақталатын қалтаны таңдаңыз.

Қалта

Қалта нөмірі   Қалта атауы

Rename (Қайта атау)

Қалталар фотокамера автоматты түрде белгілейтін алдында 3 цифрлық қалта нөмірі келетін 5 таңбалық қалта атауымен идентификацияланады. Әдепкі қалта атауы — «NCZ_7» (Z 7) немесе «NCZ_6» (Z 6); жаңа қалталарға тағайындалатын атауды өзгерту үшін Rename (Қайта атау) пәрменін таңдаңыз. Қаласаңыз, әдепкі атауды пернетақта көрсетіліп тұрғанда O түймешігін басып, ұстап тұру арқылы қалпына келтіруге болады. Бар қалталарды қайта атау мүмкін емес.

Мәтін енгізу

Мәтін енгізу керек кезде пернетақта көрсетіледі. Экрандағы әріптерді нұқыңыз немесе мульти селекторды пайдаланып таңбаларды белгілеңіз және ағымдағы жүгіргі орнында кірістіру үшін J түймешігін басыңыз (таңба өріс толы кезде енгізілсе, өрістегі соңғы таңба жойылатынын ескеріңіз). Жүгіргі астындағы таңбаны жою үшін O түймешігін басыңыз. Жүгіргіні жаңа орынға жылжыту үшін дисплейді нұқыңыз немесе басты басқару дискін айналдырыңыз. Енгізуді аяқтап, алдыңғы мәзірге оралу үшін X түймешігін басыңыз. Мәтін енгізуді аяқтамастан шығу үшін G түймешігін басыңыз.

Мәтінді көрсету аумағы

Пернетақта аумағы

Select Folder by Number (Қалтаны нөмірі бойынша таңдау)

Қалталарды нөмірі бойынша таңдау немесе ағымдағы қалта атауы және жаңа қалта нөмірі бар жаңа қалтаны жасау үшін:

  1. Select folder by number (Қалтаны нөмірі бойынша таңдау) пәрменін таңдаңыз.

    Select folder by number (Қалтаны нөмірі бойынша таңдау) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

  2. Қалта нөмірін таңдаңыз.

    Цифрларды белгілеу үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз, өзгерту үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. Таңдалған нөмірі бар қалта бұрыннан бар болса, келесі белгішелердің біреуі көрсетіледі:

    • W: қалта бос.
    • X: қалта жартылай толы.
    • Y: қалтаның ішінде 5000 сурет немесе 9999 нөмірлі сурет бар. Бұл қалтаға қосымша суреттер сақталмайды.
  3. Өзгертулерді сақтап, шығыңыз.

    Әрекетті аяқтау және негізгі мәзірге оралу үшін J түймешігін басыңыз (сақтау қалтасын өзгертусіз шығу үшін G түймешігін басыңыз). Егер көрсетілген нөмірі бар қалта әлі жоқ болса, жаңа қалта жасалады. Кейінгі фотосуреттер таңдалған қалта толғанға дейін сол қалтада сақталады.

Select Folder from List (Қалтаны тізімнен таңдау)

Бар қалталар тізімінен таңдау үшін:

  1. Select folder from list (Қалтаны тізімнен таңдау) параметрін таңдаңыз.

    Select folder from list (Қалтаны тізімнен таңдау) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

  2. Қалтаны белгілеңіз.

    Қалтаны белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз.

  3. Белгіленген қалтаны таңдаңыз.

    Белгіленген қалтаны таңдау және негізгі мәзірге оралу үшін J түймешігін басыңыз. Келесі фотосуреттер таңдалған қалтада сақталады.

Қалта және файл нөмірлері

Қалта нөмірі 999-ға жеткеннен кейін жаңа қалталар жасалмайды, сондықтан файл нөмірі 9999-ға жеткеннен немесе қалтадағы файлдардың саны 5000-ға жеткеннен кейін, я болмаса фотокамера ұзақтығы максималды бейнефильм үшін керек файлдардың саны 9999-дан жоғарырақ нөмірі бар файлды немесе 5000-нан астам файлды қамтитын қалтаны жасауға әкелетінін есептегенде бейнефильм жазуға әрекеттенсеңіз, ысырманы босату өшіріледі. Суретке түсіруді жалғастыру үшін 999-дан азырақ нөмірлі қалтаны жасаңыз немесе Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) және Movie quality (Бейнефильм сапасы) үшін таңдалған параметрлерді өзгертіп көріңіз.

Іске қосу уақыты

Егер жад картасында файлдардың немесе қалталардың өте үлкен саны болса, фотокамераның іске қосылуы үшін қосымша уақыт керек болуы мүмкін.

C Фотосурет түсіру мәзірі: суретке түсіру параметрлері

Reset Photo Shooting Menu (Фотосурет түсіру мәзірін қалпына келтіру) Storage Folder (Сақтау қалтасы) File Naming (Файл атаулары) Choose Image Area (Кескін аумағын таңдау) Image Quality (Кескін сапасы) Image Size (Кескін өлшемі) NEF (RAW) Recording (NEF (RAW) жазу) ISO Sensitivity Settings (ISO сезімталдық параметрлері) White Balance (Ақ түс балансы) Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару) Color Space (Түс кеңістігі) Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) Long Exposure NR (Ұзақ экспозиция БА) High ISO NR (Жоғары ISO БА) Vignette Control (Виньеттеуді басқару) Diffraction Compensation (Диффракция түзетілімі) Auto Distortion Control (Бұрмалануды автоматты басқару) Flicker Reduction Shooting (Жыпылықтауды азайту арқылы суретке түсіру) Metering (Өлшеу) Flash Control (Жарқылды басқару) Flash Mode (Жарқыл режимі) Flash Compensation (Жарқыл түзетілімі) Focus Mode (Фокустау режимі) AF-Area Mode (АФ аумағының режимі) Vibration Reduction (Дірілді азайту) Auto Bracketing (Автоматты брекетинг) Multiple Exposure (Бірнеше экспозиция) HDR (High Dynamic Range) (HDR (жоғары динамикалық ауқым)) Interval Timer Shooting (Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру) Time-Lapse Movie (Баяулатылған бейнефильм) Focus Shift Shooting (Фокусты жылжыту арқылы суретке түсіру) Silent Photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру)