Таңдалған фотосуреттің кесілген көшірмесін жасаңыз. Таңдалған фотосуреттің таңдалған кесіндісі сары түспен көрсетіледі; кесілген көшірмені төменде сипатталғандай жасаңыз.
Кесіндінің өлшемін азайту үшін: W (Q) түймешігін басыңыз.
Кесінді өлшемін арттыру үшін: X түймешігін басыңыз.
Кесіндінің арақатынасын өзгерту үшін: басты басқару дискін айналдырыңыз.
Кесіндіні орналастыру үшін: мульти селекторды пайдаланыңыз.
Кесілген көшірмені жасау үшін: ағымдағы кесіндіні бөлек файл ретінде сақтау үшін J түймешігін басыңыз. Көшірме өлшемі кесу өлшеміне және арақатынасына қарай әр түрлі болады және кесу дисплейінің жоғарғы сол жағында көрсетіледі.
Кесілген көшірмелерді қарау
Кесілген көшірмелер көрсетілгенде ойнатуды масштабтау қол жетімді болмауы мүмкін.