NEF (RAW) фотосуреттердің JPEG пішіміндегі көшірмелерін жасаңыз. G түймешігін басу арқылы өңдеу мәзірін көрсетсеңіз, бұл параметрді бірнеше кескінді көшіру үшін пайдалануға болады.
-
NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу) параметрін таңдаңыз.
Өңдеу мәзірінде NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Кескіндер қалай таңдалатынын таңдаңыз.
Келесі параметрлерден таңдаңыз:
- Select image(s) (Кескіндерді таңдау): бір немесе бірнеше кескінді қолмен таңдау.
- Select date (Күнді таңдау): таңдалған күндері түсірілген барлық NEF (RAW) пішіміндегі кескіндердің JPEG көшірмелерін жасау.
- Select all images (Барлық кескіндерді таңдау): жад картасындағы барлық NEF (RAW) пішіміндегі кескіндердің JPEG көшірмелерін жасау (4-қадамға өтіңіз).
-
Фотосуреттерді таңдаңыз.
2-қадамда Select image(s) (Кескіндерді таңдау) пәрменін таңдаған болсаңыз, тек осы фотокамера арқылы жасалған NEF (RAW) пішіміндегі кескіндер тізілген суретті таңдау тілқатысу терезесі көрсетіледі. Кескіндерді мульти селекторды пайдаланып белгілеңіз және таңдау немесе таңдауды алу үшін W (Q) түймешігін басыңыз; таңдалған кескіндер L белгішесімен көрсетіледі. Белгіленген кескінді толық экранда көру үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз. Таңдау аяқталғаннан кейін 4-қадамға өту үшін J түймешігін басыңыз.
2-қадамда Select date (Күнді таңдау) пәрменін таңдасаңыз, күндер тізімі көрсетіледі. Мульти селекторды пайдаланып күндерді белгілеңіз және таңдау немесе таңдауды алу үшін 2 түймешігін басыңыз. Таңдалған күндерде түсірілген барлық NEF (RAW) пішіміндегі суреттерді таңдау және 4-қадамға өту үшін J түймешігін басыңыз.
-
JPEG көшірмелері үшін параметрлерді таңдаңыз.
Төменде тізілген параметрлерді реттеңіз немесе фотосурет түсірілген кезде қолданылған параметрді пайдалану үшін Original (Бастапқы) (қолжетімді болса) параметрін таңдаңыз (бастапқы параметрлер алдын-ала қарау астында тізіледі). Экспозиция түзетілімін тек −2 және +2 ЭМ арасындағы мәндерге орнатуға болатынын ескеріңіз.
1 Image quality (Кескінін сапасы) 2 Image size (Кескін өлшемі) 3 White balance (Ақ түс балансы) 4 Exposure compensation (Экспозиция түзетілімі) 5 Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) 6 High ISO NR (Жоғары ISO БА) 7 Color space (Түс кеңістігі) 8 Vignette control (Виньеттеуді басқару) 9 Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) 10 Diffraction compensation (Диффракция түзетілімі) -
Фотосуреттерді көшіріңіз.
Таңдалған фотосуреттің JPEG көшірмесін жасау үшін EXE параметрін белгілеп, J түймешігін басыңыз (бірнеше фотосурет таңдалған болса, растау диалогтық терезесі көрсетіледі; таңдалған фотосуреттердің JPEG көшірмелерін жасау үшін Yes (Иә) жауабын белгілеп, J түймешігін басыңыз). Фотосуреттерді көшірмей шығу үшін K түймешігін басыңыз.