Сыртқы бұрмалануы азайтылған көшірмелерді жасаңыз. Фотокамераға бұрмалануды автоматты түрде түзетуге рұқсат ету үшін Auto (Автоматты) параметрін таңдаңыз, содан кейін мульти селектор арқылы дәл реттеулерді жасаңыз немесе бұрмалануды қолмен азайту үшін Manual (Қол режимі) режимін таңдаңыз. Auto (Автоматты) параметрі бұрмалануды автоматты басқаруды пайдаланып түсірілген фотосуреттерде қолжетімді емес екенін ескеріңіз. Бөшке іспеттес бұрмалануды азайту үшін 2 түймешігін басыңыз, жастық іспетті бұрмалануды азайту үшін 4 түймешігін басыңыз (әсерді өңдеу дисплейінде алдын-ала қарауға болады; бұрмалануды басқарудың көбірек мөлшері жиектердің көбірек кесілуіне әкелетінін ескеріңіз). Өңделген көшірмені сақтау үшін J түймешігін басыңыз.