Бұл параметр «қызыл көз әсерін» түзету үшін пайдаланылады және жарқыл арқылы түсірілген фотосуреттерде ғана қолжетімді болады. Қызыл көз әсерін түзету үшін таңдалған фотосуретті өңдеу дисплейінде алдын-ала қарауға болады. Қызыл көз әсерін түзетудің әсерлерін тексеріп, көшірме жасау үшін J түймешігін басыңыз. Қызыл көз әсерін түзетудің үнемі күтілетін нәтижелерді бермеуі және қызыл көз әсері тимеген кескін бөліктеріне өте сирек жағдайларда қолданылуы мүмкін екенін ескеріңіз; жалғастырмас бұрын алдын-ала қарауды мұқият тексеріңіз.