30 объектив түріне дейін фокусты дәл реттеңіз. Тек қажет кезде пайдаланыңыз. Дәл реттеуді жиі пайдаланатын фокустау қашықтығында орындау ұсынылады; мысалы, фокусты реттеуді қысқа фокустау қашықтығында орындасаңыз, ұзынырақ қашықтықтарда оның тиімділігі азырақ екенін анықтауыңыз мүмкін.
AF fine-tune (On/Off) (АФ дәл реттеу (Қосулы/Өшірулі): АФ қосу үшін On (Қосулы) күйін, өшіру үшін Off (Өшірулі) күйін таңдаңыз.
Saved value (Сақталған мән): ағымдағы объектив үшін АФ реттеу. Фокустау нүктесін фотокамерадан ары жылжыту үшін 1 түймешігін немесе фотокамераға қарай жылжыту үшін 3 түймешігін басыңыз; +20 және –20 арасындағы мәндерден таңдаңыз. Фотокамера 30-ға дейін объектив түрлері үшін мәндерді сақтай алады. Обьективтің әр түрі үшін тек бір ғана мәнді сақтауға болады.
Default (Әдепкі): ағымдағы объектив үшін алдында сақталған мән болмаса пайдаланылатын АФ реттеу мәнін таңдаңыз.
List saved values (Сақталған мәндерді тізу): бұрын сақталған АФ мәндерін тізу. Объективті тізімнен жою үшін қажетті объективті белгілеңіз және O түймешігін басыңыз. Объектив идентификаторын өзгерту үшін (мысалы, Saved value (Сақталған мән) параметрін әрбір түрге жататын тек бір объективпен пайдалануға болатынын ескере отырып, түрі бірдей басқа объективтерден ажырату үшін объективтің сериялық нөмірінің соңғы екі цифрымен бірдей идентификаторды таңдау үшін), қажетті объективті белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз. Мәзір көрсетіледі; 1 немесе 3 түймешігін басып идентификаторды таңдаңыз және өзгертулерді сақтап, шығу үшін J түймешігін басыңыз.