Мына жағдайда шығатын дыбыстық сигналдың жоғарылығын және дыбыс деңгейін таңдаңыз:
- Өздігінен түсіруді реттейтін таймер жұмыс істеп жатқанда
- Баяулатылған жазу аяқталғанда
- Фотокамера фотосурет режимінде фокустайды (AF-C фокустау режимі таңдалған болса немесе a2, AF-S priority selection (AF-S басымдығын таңдау) қолданушы параметрі үшін Release (Босату) күйі таңдалған болса, дыбыстық сигнал шықпайтынын ескеріңіз)
- Сенсорлық экран пайдаланылады
Фотосурет түсіру мәзірінде Silent photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру) үшін On (Қосулы) күйі таңдалған болса, өздігінен түсіруді реттейтін таймер жұмыс істеп жатқанда немесе фотокамера фокустағанда, дыбыстық сигнал шықпайтынын ескеріңіз.
Beep options (Дыбыстық сигнал параметрлері) мәзірі келесі элементтерді қамтиды:
- Beep on/off (Дыбыстық сигнал қосулы/өшірулі): дыбыстық сигнал үндеткішін қосу немесе өшіру, я болмаса, сенсорлық басқару элементтерімен байланыстырылған дыбыстық сигналды өшіру, бірақ оны басқа мақсаттарға қосу үшін Off (touch controls only) (Өшірулі (тек сенсорлық басқару элементтері)) параметрін таңдаңыз.
- Volume (Дыбыс деңгейі): дыбыстық сигналдың дыбыс деңгейін реттеу.
- Pitch (Жоғарылық): дыбыстық сигналдың жоғарылығын High (Жоғары) және Low (Төмен) арасынан таңдау.