Үлгі кескінге қарап монитордың түс балансын реттеу үшін мульти селекторды төменде көрсетілгендей пайдаланыңыз. Үлгі кескін — соңғы түсірілген фотосурет немесе ойнату режимінде, соңғы көрсетілген фотосурет; басқа кескінді таңдау үшін W (Q) түймешігін басыңыз және сурет нобайлары тізімінен кескінді таңдаңыз (белгіленген кескіндерді толық өлшемде көру үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз). Егер жад картасында фотосуреттер болмаса, үлгі кескіннің орнына сұр жиегі бар бос кадр көрсетіледі. Реттеулер аяқталғанда шығу үшін J түймешігін басыңыз.
Жасыл түсті арттыру | ||
Көк түсті арттыру | Сары түсті арттыру | |
Қою қызыл түсті арттыру |
Монитордың түс балансын монитор белсенді дисплей болғанда ғана реттеуге болатынын ескеріңіз; оны «тек көріністапқыш» монитор режимінде немесе көзіңіз көріністапқышқа жақындап тұрғанда реттеу мүмкін емес. Монитордың түс балансы тек суретке түсіру, ойнату және мәзір дисплейлеріне қолданылады; фотокамерамен түсірілген суреттерге әсер етілмейді.