NX Studio бағдарламасында кескіндегі тозаң іздерін кетіру параметрі үшін анықтамалық деректерді алу. Кескіндегі тозаң іздерін кетіру NEF (RAW) суреттерін фотокамераның кескін сенсорының алдына жабысқан шаңнан туындаған әсерлерді азайту үшін өңдейді. Қосымша ақпаратты NX Studio онлайн анықтамасынан қараңыз. Кескіндегі тозаң іздерін кетіруді шағын немесе орташа өлшемді NEF (RAW) пішіміндегі кескіндерде пайдалану мүмкін емес.
Кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректерін жазу кезінде фокустық қашықтығы кемінде 50 мм FX объективі ұсынылады. Масштабтау объективін пайдаланған кезде максималды ұлғайтуды орнатыңыз.
-
Бастау параметрін таңдаңыз.
Келесі параметрлердің біреуін белгілеп, J түймешігін басыңыз. Кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректерін алмай шығу үшін G түймешігін басыңыз.
- Start (Бастау): хабар көрсетіледі.
- Clean sensor and then start (Сенсорды тазалау, содан кейін бастау): осы параметрді кескін сенсорын жұмысты бастамай тұрып тазалау үшін таңдаңыз. Тазалау аяқталғанда хабар көрсетіледі.
-
Біркелкі ақ түсті нысанды дисплейдегі жақтау ішіне алыңыз.
Объективті жарығы жақсы, біркелкі ақ түсті нысаннан он сантиметрдей қашықтықта орналастырып, дисплейдегі жақтау ішіне тек нысанның өзін алыңыз, содан кейін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.
Автофокус режимінде, фокус шексіздікке өздігінен орнатылады; қолмен реттелетін фокус режимінде, фокусты шексіздікке қолмен орнатыңыз.
-
Тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректерін алыңыз.
Кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректерін алу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Ысырманы босату түймешігі басылғанда монитор өшеді.
Анықтамалық нысан тым жарық немесе тым күңгірт болса, фотокамера кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректерін ала алмауы мүмкін және хабар көрсетіледі. Басқа анықтамалық нысанды таңдаңыз және процесті 1-қадамнан бастап қайталаңыз.
Кескін сенсорын тазалау
Кескін сенсорын тазалау алдында жазылған кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректерін кескін сенсорын тазалап болғаннан кейін түсірілген фотосуреттер үшін пайдалану мүмкін емес. Clean sensor and then start (Сенсорды тазалау, содан кейін бастау) параметрін кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректері бар фотосуреттерде пайдаланылмайтын болса ғана таңдаңыз.
Кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректері
Ұқсас анықтамалық деректерді басқа обьектив немесе басқа апертураны қолданып түсірген фотосуреттерде пайдалануға болады. Анықтамалық кескіндерді компьютерлік кескіндерді өңдеу бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып көру мүмкін емес. Анықтамалық кескіндерді фотокамерада қараған кезде координаттық тор көрсетіледі.