WR-R10 қосымша сымсыз қашықтан басқару бөліктерінің және жақсартылған сымсыз жарық жүйесін қолдайтын қосымша радиомен басқарылатын жарқыл бөліктерінің параметрлерін реттеңіз.

LED Lamp (LED шамы)

Фотокамераға бекітілген WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігінде күй LED шамдарын қосыңыз немесе өшіріңіз. Қосымша ақпаратты сымсыз қашықтан басқару бөлігімен бірге қамтамасыз етілген құжаттамадан қараңыз.

Басқа фотокамераларда бекітілген WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөліктері немесе жақсартылған сымсыз жарық жүйесін қолдайтын радиомен басқарылатын жарқыл бөліктері үшін байланыс режимін таңдаңыз. Басқа құрылғылар үшін бірдей режим таңдалғанына көз жеткізіңіз.

Pairing (Жұптастыру): фотокамераны басқа құрылғылармен жұптастыру үшін фотокамераға WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігін бекітіп, суреттерді жұптастыру түймешігін басыңыз.

PIN: төрт цифрлық PIN кодын пайдаланып қосылу. Цифрларды белгілеу үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз және өзгерту үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз, содан кейін PIN кодын енгізу және таңдалған PIN кодын көрсету үшін J түймешігін басыңыз.

Link mode (Байланыс режимі) үшін таңдалған параметрге қарамастан, жұптастырылған сымсыз қашықтан басқару бөліктерінің сигналдарын әрқашан WR-R10 қабылдайды. WR-1 сымсыз қашықтан басқару пультінің пайдаланушылары WR-1 байланыс режимі ретінде жұптастыруды таңдау керек.

WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігі

WR-R10 бағдарлама жасақтамасы соңғы нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз (3.0 немесе одан кейінгі нұсқа). Бағдарлама жасақтамасының жаңартымдары туралы ақпаратты аумағыңызға арналған Nikon веб-сайтынан қараңыз.

B Баптау мәзірі: фотокамераны баптау

Format Memory Card (Жад картасын пішімдеу) Save User Settings (Қолданушы параметрлерін сақтау) Reset User Settings (Қолданушы параметрлерін қалпына келтіру) Language (Тіл) Time Zone and Date (Уақыт белдеуі және күн) Monitor Brightness (Монитор жарықтығы) Monitor Color Balance (Монитордың түс балансы) Viewfinder Brightness (Көріністапқыш жарықтығы) Viewfinder Color Balance (Көріністапқыштың түс балансы) Control Panel Brightness (Басқару панелінің жарықтығы) Limit Monitor Mode Selection (Монитор режимін таңдауды шектеу) Information Display (Ақпараттық дисплей) AF Fine-Tune (АФ дәл реттеу) Non-CPU Lens Data (Микропроцессормен жабдықталмаған объектив деректері) Clean Image Sensor (Кескін сенсорын тазалау) Image Dust Off Ref Photo (Кескіндегі тозаң іздерін кетіруге арналған сурет үлгісі) Image Comment (Кескін туралы аңғартпа) Copyright Information (Авторлық құқық туралы ақпарат) Beep Options (Дыбыстық сигнал параметрлері) Touch Controls (Сенсорлық басқару элементтері) HDMI Location Data (Орын деректері) Wireless Remote (WR) Options (Сымсыз қашықтан басқару пультінің (WR) параметрлері) Assign Remote (WR) Fn Button (Қашықтан басқару пультінің (WR) Fn түймешігін тағайындау) Airplane Mode (Ұшақ режимі) Connect to Smart Device (Смарт құрылғыға қосылу) Connect to PC (Компьютерге қосылу) Wireless Transmitter (WT-7) (Сымсыз таратқыш (WT-7)) Conformity Marking (Сәйкестік таңбалары) Battery Info (Батарея туралы мəлімет) Slot Empty Release Lock (Ұяшық бос кезде босату құлпы) Save/Load Settings (Параметрлерді сақтау/жүктеу) Reset All Settings (Барлық параметрлерді қалпына келтіру) Firmware Version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы)