Микропроцессормен жабдықталмаған объективті орнату адаптері (бөлек сатылады) арқылы жалғауға болады. Non-CPU lens data (Микропроцессормен жабдықталмаған объектив деректері) параметрін микропроцессормен жабдықталмаған объективтердің фокустық қашықтығын және максималды апертурасын жазу үшін пайдаланыңыз. Бұл оларды фотокамерадағы дірілді азайтумен және фотокамераның белгілі бір басқа мүмкіндіктерімен бірге пайдалануға мүмкіндік береді.
- Lens number (Объектив нөмірі): объективті идентификациялайтын нөмірді таңдау.
- Focal length (mm) (Фокустық қашықтық (мм)): объективтің фокустық қашықтығын енгізу.
- Maximum aperture (Максималды апертура): максималды апертураны енгізу.