Сымсыз қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерінің (0 Қашықтағы жарқылмен фотосурет түсіру) немесе фотокамераның керек-жарақтарға арналған құрылғысына бекітілетін қосымша жарқыл бөліктерінің (0 Фотокамерадағы жарқылмен фотосурет түсіру) параметрлерін реттеу.

Flash Control Mode (Кірістірілген жарқылды басқару режимі)

Фотокамераның керек-жарақтарға арналған құрылғысына бекітілетін SB-5000, SB-500, SB-400 немесе SB-300 жарқыл бөліктерінің кірістірілген жарқылды басқару режимін, жарқыл деңгейін таңдаңыз және басқа параметрлерін реттеңіз (сондай-ақ керек-жарақтарға арналған құрылғыға бекітілетін SB-5000 параметрлерін жарқыл бөлігіндегі басқару элементтерін пайдаланып реттеуге болады, ал басқа жарқыл бөліктерінің параметрлерін тек жарқыл бөлігінің басқару элементтерін пайдаланып реттеуге болады). Flash control mode (Кірістірілген жарқылды басқару режимі) астында қолжетімді параметрлер таңдалған режимге қарай өзгеріп отырады.

  • TTL: i-TTL режимі. Жарқыл деңгейі суретке түсіру жағдайларына сай автоматты түрде реттеледі.
  • Auto external flash (Автоматты сыртқы жарқыл): бұл режимде шығыс нысан шағылыстыратын жарық мөлшеріне сай автоматты түрде реттеледі.
  • Distance-priority manual (Қашықтық басымдығы бар қолмен реттелетін режим): нысанға дейінгі қашықтықты таңдаңыз; жарқыл шығысы автоматты түрде реттеледі.
  • Manual (Қол режимі): жарқыл деңгейін қолмен таңдаңыз.
  • Repeating flash (Бірнеше рет жанатын жарқыл): ысырма ашық кезде жарқыл бірнеше рет жанып, бірнеше экспозиция әсерін тудырады.

Wireless Flash Options (Сымсыз жарқыл параметрлері)

Бірнеше қашықтан басқарылатын жарқыл бөлігін бір уақытта қашықтан басқару параметрлерін реттеңіз. Бұл параметр тек фотокамераға SB-5000 немесе SB-500 жарқыл бөлігі, я болмаса, WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігі бекітілген кезде қол жетімді.

Параметр Сипаттама
Y Optical AWL (Оптикалық AWL) Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктері басты жарқыл шығаратын қарқындылығы төмен жарқылдарды пайдаланып басқарылады (0 Optical AWL (Оптикалық AWL)).
Y/Z Optical/radio AWL (Оптикалық/радио AWL) Бұл параметрді оптикалық жолмен басқарылатын жарқыл бөліктерін де, радиомен басқарылатын жарқыл бөліктерін де пайдаланып жатқанда таңдаңыз (0 Optical/Radio AWL (Оптикалық/радио AWL)).
Z Radio AWL (Радио AWL) Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктері фотокамераға бекітілген WR-R10 шығаратын радио сигналдар арқылы басқарылады (0 Радио AWL).
  Off (Өшірулі) Қашықтан басқарылатын жарқыл арқылы фотосурет түсіру өшірілген.

Remote Flash Control (Жарқылды қашықтан басқару)

Төменде тізілген қашықтан басқарылатын жарқыл арқылы фотосурет түсіру параметрлерінен таңдаңыз (0 Жарқыл параметрлерін реттеу, Оптикалық AWL параметрін SB-5000 немесе SB-500 жарқыл бөлігінде пайдалану).

Параметр Сипаттама
Group flash (Топтық жарқыл) Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерінің әрбір тобы үшін бөлек кірістірілген жарқылды басқару режимін таңдаңыз.
Quick wireless control (Жылдам сымсыз басқару) A және B топтары арасындағы теңгерімді таңдау әрі C тобының шығысын қолмен орнату.
Remote repeating (Қашықтан қайталау) Ысырма ашық кезде жарқыл бөліктері бірнеше рет жанып, бірнеше экспозиция әсерін тудырады.

Radio Remote Flash Info (Радиомен қашықтан басқарылатын жарқыл туралы ақпарат)

Қазіргі уақытта радио AWL арқылы басқарылатын жарқыл бөліктерін көріңіз.

C Фотосурет түсіру мәзірі: суретке түсіру параметрлері

Reset Photo Shooting Menu (Фотосурет түсіру мәзірін қалпына келтіру) Storage Folder (Сақтау қалтасы) File Naming (Файл атаулары) Choose Image Area (Кескін аумағын таңдау) Image Quality (Кескін сапасы) Image Size (Кескін өлшемі) NEF (RAW) Recording (NEF (RAW) жазу) ISO Sensitivity Settings (ISO сезімталдық параметрлері) White Balance (Ақ түс балансы) Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару) Color Space (Түс кеңістігі) Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) Long Exposure NR (Ұзақ экспозиция БА) High ISO NR (Жоғары ISO БА) Vignette Control (Виньеттеуді басқару) Diffraction Compensation (Диффракция түзетілімі) Auto Distortion Control (Бұрмалануды автоматты басқару) Flicker Reduction Shooting (Жыпылықтауды азайту арқылы суретке түсіру) Metering (Өлшеу) Flash Control (Жарқылды басқару) Flash Mode (Жарқыл режимі) Flash Compensation (Жарқыл түзетілімі) Focus Mode (Фокустау режимі) AF-Area Mode (АФ аумағының режимі) Vibration Reduction (Дірілді азайту) Auto Bracketing (Автоматты брекетинг) Multiple Exposure (Бірнеше экспозиция) HDR (High Dynamic Range) (HDR (жоғары динамикалық ауқым)) Interval Timer Shooting (Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру) Time-Lapse Movie (Баяулатылған бейнефильм) Focus Shift Shooting (Фокусты жылжыту арқылы суретке түсіру) Silent Photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру)