Фотосуреттердің ISO сезімталдық параметрлерін реттеңіз.

Параметр Сипаттама
ISO sensitivity (ISO сезімталдық) ISO сезімталдығын реттеу. ISO 64 және 25600 арасындағы (немесе Z 6 жағдайында ISO 100 және ISO 51200 арасындағы) мәндерден таңдаңыз. Сондай-ақ, ерекше жағдайлар үшін бұл мәндерден шамамен 0,3–1 ЭМ төмен және ең жоғары мәндерден 0,3–2 ЭМ жоғары параметрлер қолжетімді. b режимі Auto (Автоматты) қосымша параметрін ұсынады.
Auto ISO sensitivity control (ISO сезімталдықты автоматты басқару)

On (Қосулы) күйі таңдалған болса, ISO sensitivity (ISO сезімталдық) үшін таңдалған мәнде оңтайлы экспозицияға жету мүмкін емес болса, фотокамера ISO сезімталдықты автоматты түрде реттейді. ISO сезімталдықты автоматты басқаруды дәл реттеу үшін төменде тізілген параметрлер қолжетімді.

  • Maximum sensitivity (Максималды сезімталдық): тым жоғары көтерілуін болдырмау үшін ISO сезімталдық үшін жоғарғы шекті таңдаңыз.
  • Maximum sensitivity with c (c қолданған кездегі максималды сезімталдық): қосымша жарқыл бөлігін пайдаланып түсірілген фотосуреттер үшін жоғарғы ISO сезімталдық шегін таңдаңыз.
  • Minimum shutter speed (Минималды ысырма жылдамдығы): P және A режимдерінде жарық көзінде кем ұстауды болдырмау үшін ISO сезімталдықты автоматты басқару қай ысырма жылдамдығынан төмен іске қосылатынын таңдаңыз. Параметрлер 1/4000 с–30 с ауқымында болады. Сондай-ақ Auto (Автоматты) параметрі қолжетімді.

«Minimum Shutter Speed (Минималды ысырма жылдамдығы)» > «Auto (Автоматты)»

Auto ISO sensitivity control (ISO сезімталдықты автоматты басқару) > Minimum shutter speed (Минималды ысырма жылдамдығы) үшін Auto (Автоматты) мәні таңдалған болса, фотокамера минималды ысырма жылдамдығын объективтің фокустық қашықтығының негізінде таңдайды. Мысалы, фотокамера әдетте телефото объективтерде орын алатын бұлдыратуды азайту үшін жылдам минималды ысырма жылдамдықтарын автоматты түрде таңдайды.

Ысырма жылдамдығын автоматты таңдауды Auto (Автоматты) мәнін белгілеу және 2 түймешігін басу арқылы тезірек немесе баяуырақ минималды мәндерге дәл реттеуге болады; жылдам қозғалатын нысандарды фотосуретке түсіргенде жылдам минималды ысырма жылдамдықтарын таңдау бұлдыратуды азайтады.

Maximum sensitivity (Максималды сезімталдық) үшін таңдалған ISO сезімталдықта оңтайлы экспозицияға жету мүмкін болмаса, ысырма жылдамдықтары таңдалған минималды мәннен төмен түсуі мүмкін.

C Фотосурет түсіру мәзірі: суретке түсіру параметрлері

Reset Photo Shooting Menu (Фотосурет түсіру мәзірін қалпына келтіру) Storage Folder (Сақтау қалтасы) File Naming (Файл атаулары) Choose Image Area (Кескін аумағын таңдау) Image Quality (Кескін сапасы) Image Size (Кескін өлшемі) NEF (RAW) Recording (NEF (RAW) жазу) ISO Sensitivity Settings (ISO сезімталдық параметрлері) White Balance (Ақ түс балансы) Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару) Color Space (Түс кеңістігі) Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) Long Exposure NR (Ұзақ экспозиция БА) High ISO NR (Жоғары ISO БА) Vignette Control (Виньеттеуді басқару) Diffraction Compensation (Диффракция түзетілімі) Auto Distortion Control (Бұрмалануды автоматты басқару) Flicker Reduction Shooting (Жыпылықтауды азайту арқылы суретке түсіру) Metering (Өлшеу) Flash Control (Жарқылды басқару) Flash Mode (Жарқыл режимі) Flash Compensation (Жарқыл түзетілімі) Focus Mode (Фокустау режимі) AF-Area Mode (АФ аумағының режимі) Vibration Reduction (Дірілді азайту) Auto Bracketing (Автоматты брекетинг) Multiple Exposure (Бірнеше экспозиция) HDR (High Dynamic Range) (HDR (жоғары динамикалық ауқым)) Interval Timer Shooting (Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру) Time-Lapse Movie (Баяулатылған бейнефильм) Focus Shift Shooting (Фокусты жылжыту арқылы суретке түсіру) Silent Photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру)