Виньеттеуді басқару кадр жиектерінде орын алатын жарықтықтың төмендеуін азайтады. Оның әсерлері объектив түріне қарай әр түрлі болады және әсіресе максималды апертурада ерекше байқалады. High (Жоғары), Normal (Қалыпты), Low (Төмен) және Off (Өшірулі) параметрлерінің арасынан таңдаңыз.
Виньеттеуді басқару
Көрініске, суретке түсіру жағдайларына және объектив түріне байланысты TIFF және JPEG пішіміндегі кескіндер бұрмалануы (түстердің әркелкілігі) немесе шеткі жарықтығы өзгеруі мүмкін, дегенмен, қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдері және алдын ала орнатылған және әдепкі параметрлер арқылы өзгеріс енгізілген Picture Control режимдері қажетті әсер бере алмауы мүмкін. Сынақ түсірілімдер жасап, нәтижелерін дисплейде қараңыз.