Әрбір түсірілімде экспозицияны, жарқыл деңгейін, Active D-Lighting (ADL) (Қосылған D-Lighting) немесе ақ түс балансын азғантай өзгертіп, ағымдағы мәннің «брекетингін» орындайды. Брекетингті дұрыс параметрлерді алу қиын және әр түсірілімде нәтижелерді тексеру және параметрлерді реттеуге немесе бір нысан үшін әр түрлі параметрлермен тәжірибелер жасауға уақыт болмаған жағдайларда пайдалануға болады. Мына параметрлер қолжетімді:

  • Auto bracketing set (Брекетингті автоматты орнату): автоматты брекетинг қосулы болғанда брекетингі орындалатын параметрді немесе параметрлерді таңдау. Экспозицияның да, жарқыл деңгейінің де брекетингін орындау үшін AE & flash bracketing (АЭ және жарқыл брекетингі) параметрін, тек экспозиция брекетингін орындау үшін AE bracketing (АЭ брекетингі) параметрін, тек жарқыл деңгейінің брекетингін орындау үшін Flash bracketing (Жарқыл брекетингі) параметрін, ақ түс балансының брекетингін орындау үшін WB bracketing (Ақ түс балансының брекетингі) параметрін немесе Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) параметрін пайдаланып брекетингті орындау үшін ADL bracketing (ADL брекетингі) параметрін таңдаңыз.
  • Number of shots (Түсірілімдер саны): брекетинг ретінде түсірілімдер санын таңдау.
  • Increment (Қадам): таңдалған параметрлердің (ADL брекетингін қоспағанда) әрбір түсірілімде өзгеру мөлшерін таңдау.
  • Amount (Мөлшер): Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) әрбір түсірілімде қалай өзгеретінін таңдау (тек ADL брекетингі).

Экспозиция және жарқыл брекетингі

Бірнеше фотосуретте экспозиция және/немесе жарқыл деңгейін өзгерту.

Экспозиция мына мәнге өзгертілді: 0 ЭМ

Экспозиция мына мәнге өзгертілді: -1 ЭМ

Экспозиция мына мәнге өзгертілді: +1 ЭМ

  1. Брекетинг түрін таңдаңыз.

    Auto bracketing set (Брекетингті автоматты орнату) параметрін таңдаңыз. Экспозицияны да, жарқылды да өзгертіп отыру үшін AE & flash bracketing (АЭ және жарқыл брекетингі) параметрін, тек экспозицияны өзгертіп отыру үшін AE bracketing (АЭ брекетингі) параметрін немесе тек жарқыл деңгейін өзгертіп отыру үшін Flash bracketing (Жарқыл брекетингі) параметрін таңдаңыз. Жарқыл брекетингі тек i-TTL және, қолдау көрсетілетін болса, автоматты апертура (qA) кірістірілген жарқылды басқару режимдерінде қолжетімді екенін ескеріңіз (0 Nikon шығармашыл жарық жүйесі).

  2. Түсірілімдер санын таңдаңыз

    Брекетинг ретінде түсірілімдер санын таңдау үшін Number of shots (Түсірілімдер саны) параметрін белгілеп, 4 немесе 2 түймешігін басыңыз.

    0F дегеннен басқа параметрлерде дисплейде брекетинг белгішесі көрінеді.

  3. Брекетинг қадамын таңдаңыз.

    Брекетинг қадамын таңдау үшін Increment (Қадам) параметрін белгілеп, 4 немесе 2 түймешігін басыңыз. Әдепкі параметрлерде қадам өлшемін 0,3 (1/3), 0,7 (2/3), 1, 2 және 3 ЭМ арасынан таңдауға болады. 0,3 (1/3) ЭМ қадамдық брекетинг бағдарламалары төменде тізілген.

    «Number of shots (Түсірілімдер саны)» Брекетинг индикаторы Түсірілімдер саны Брекетинг реті (ЭМ)
    0F 0 0
    +3F 3 0/+0,3/+0,7
    −3F 3 0/-0,7/-0,3
    +2F 2 0/+0,3
    −2F 2 0/-0,3
    3F 3 0/-0,3/+0,3
    5F 5 0/–0,7/–0,3/+0,3/+0,7
    7F 7 0/–1,0/–0,7/–0,3/+0,3/+0,7/+1,0
    9F 9 0/–1,3/–1,0/–0,7/–0,3/+0,3/+0,7/+1,0/+1,3

    2 ЭМ немесе одан көбірек экспозиция қадамдары үшін түсірілімдердің ең көп саны 5 екенін ескеріңіз; 2-қадамда жоғарырақ сан таңдалған болса, түсірілімдердің саны 5 деп автоматты түрде орнатылады.

  4. Фотосуретті жақтауға алыңыз, фокустаңыз және түсіріңіз.

    Фотокамера таңдалған брекетинг бағдарламасына сай әр түсірілімде экспозицияны және/немесе жарқыл деңгейін өзгертіп отырады; ысырма жылдамдығының және апертураның өзгертілген мәндері дисплейде көрсетіледі. Экспозицияға енгізілген өзгерістер экспозиция түзетілімімен енгізілгендерге қосылады.

    Брекетинг қосулы кезде дисплей брекетинг белгішесін, брекетинг процесінің индикаторын және брекетинг ретіндегі қалған түсірілімдер санын көрсетеді. Әрбір түсірілімнен кейін индикатордың бір сегменті кетеді және қалған түсірілімдер саны біреуге азаяды.

    Түсірілімдер саны: 3; қадам: 0,7

    Бірінші түсірілімнен кейінгі дисплей

Брекетингті болдырмау

Брекетингті болдырмау үшін Number of shots (Түсірілімдер саны) параметрі үшін 0F мәнін таңдаңыз.

Экспозиция және жарқыл брекетингі

Үздіксіз суретке түсіру режимдерінде суретке түсіру брекетинг бағдарламасында көрсетілген түсірілімдер саны түсірілгеннен кейін кідіртіледі. Келесі рет ысырманы босату түймешігі басылғанда суретке түсіру жалғасады.

Тізбектегі барлық түсірілімдер түсіріліп болғанша жад картасы толып кетсе, жад картасын ауыстырғаннан немесе жад картасында орын босату үшін түсірілімдер жойылғаннан кейін суретке түсіруді тізбектегі келесі түсірілімнен бастап жалғастыруға болады. Егер тізбектегі барлық түсірілімдер түсірілгенше фотокамера өшірілсе, фотокамера қосылған кезде брекетинг тізбектегі келесі түсірілімнен жалғасады.

Экспозиция брекетингі

Фотокамера ысырма жылдамдығын және апертураны (P режимі), апертураны (S режимі) немесе ысырма жылдамдығын (A және M режимдері) өзгертіп отыру арқылы экспозицияны өзгертеді. P, S және A режимдерінде ISO sensitivity settings (ISO сезімталдық параметрлері) > Auto ISO sensitivity control (ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару) үшін On (Қосулы) күйі таңдалған болса, фотокамераның экспозиция жүйесінің шектерінен асқанда фотокамераны оңтайлы экспозиция үшін ISO сезімталдықты автоматты түрде өзгертіп тұрады; M режимінде фотокамера экспозицияны оңтайлы мәнге мүмкіндігінше жақындату үшін алдымен ISO сезімталдықты автоматты түрде басқаруды пайдаланады, содан кейін ысырма жылдамдығын өзгерту арқылы осы экспозицияның брекетингін орындайды. e6 (Auto bracketing (mode M) (Автоматты брекетинг (M режимі))) қолданушы параметрін фотокамера M режимінде экспозиция және жарқыл брекетингін қалай орындайтынын өзгерту үшін пайдалануға болады: жарқыл деңгейін ысырма жылдамдығымен және/немесе апертурамен бірге өзгертіп отыру арқылы, я болмаса тек жарқыл деңгейін өзгертіп отыру арқылы.

Ақ түс балансының брекетингі

Фотокамера әр фотосуреттің бірнеше көшірмесін жасайды, әрқайсысының ақ түс балансы әр түрлі болады.

  1. Ақ түс балансының брекетингін таңдаңыз.

    Auto bracketing set (Брекетингті автоматты орнату) параметрі үшін WB bracketing (Ақ түс балансының брекетингі) мәнін таңдаңыз.

  2. Түсірілімдер санын таңдаңыз.

    Брекетинг ретінде түсірілімдер санын таңдау үшін Number of shots (Түсірілімдер саны) параметрін белгілеп, 4 немесе 2 түймешігін басыңыз.

    0F дегеннен басқа параметрлерде дисплейде брекетинг белгішесі көрінеді.

  3. Брекетинг қадамын таңдаңыз.

    Брекетинг қадамын таңдау үшін Increment (Қадам) параметрін белгілеп, 4 немесе 2 түймешігін басыңыз. Әрбір қадам шамамен 5 майредке тең. 1 (5 майред), 2 (10 майред) немесе 3 (15 майред) қадамдарынан таңдаңыз. Жоғарырақ B мәндері көктің көбірек мөлшерлеріне, жоғарырақ A мәндері сарының көбірек мөлшерлеріне сәйкес келеді. 1 қадамдық брекетинг бағдарламалары төмендегі тізімде берілген.

    «Number of shots (Түсірілімдер саны)» Брекетинг индикаторы Түсірілімдер саны Қадам Брекетинг реті
    0F 0 1 0
    B3F 3 1B 0/B1/B2
    A3F 3 0/A2/A1
    B2F 2 1B 0/B1
    A2F 2 0/A1
    3F 3 1A, 1B 0/A1/B1
    5F 5 0/A2/A1/B1/B2
    7F 7 0/A3/A2/A1/B1/B2/B3
    9F 9 0/A4/A3/A2/A1/B1/B2/B3/B4
  4. Фотосуретті жақтауға алыңыз, фокустаңыз және түсіріңіз.

    Әр түсірілім брекетинг бағдарламасында көрсетілген көшірмелер санын жасау үшін өңделеді, әрі әр көшірменің бөлек ақ түс балансы болады. Ақ түс балансына жасалған өзгерістер ақ түс балансы дәл реттеуімен жасалған ақ түс балансы реттеуіне қосылады.

    Брекетинг бағдарламасындағы түсірілімдер саны қалған кадрлар санынан үлкенірек болса, ысырманы босату өшіріледі. Жаңа жад картасын салған кезде суретке түсіруді бастауға болады.

Брекетингті болдырмау

Брекетингті болдырмау үшін Number of shots (Түсірілімдер саны) параметрі үшін 0F мәнін таңдаңыз.

Ақ түс балансының брекетингі

Ақ түс балансының брекетингін NEF (RAW) пішіміндегі кескін сапасында пайдалану мүмкін емес. NEF (RAW) немесе NEF (RAW) + JPEG параметрі таңдалса, ақ түс балансының брекетингінен бас тартылады.

Ақ түс балансының брекетингі тек түс температурасына әсер етеді (ақ түс балансы дәл реттеу дисплейіндегі сары–көк білік). Жасыл–қою қызыл білікте ешбір реттеулер жасалмайды.

Өздігінен түсіруді реттейтін таймер режимінде брекетинг бағдарламасында көрсетілген көшірмелер саны c2 (Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер)) > Number of shots (Түсірілімдер саны) қолданушы параметрі үшін таңдалған параметрге қарамастан, ысырма босатылған сайын жасалады.

Фотокамера жад картасына қатынасу шамы жанып тұрғанда өшірілсе, ол тізбектегі барлық фотосуреттер түсіріліп болғаннан кейін ғана өшеді.

ADL Bracketing (ADL брекетингі)

Фотокамера бірнеше экспозиция бойына Қосылған D-Lighting мүмкіндігін өзгертеді.

  1. ADL bracketing (ADL брекетингі) параметрін таңдаңыз.

    Auto bracketing set (Брекетингті автоматты орнату) параметрі үшін ADL bracketing (ADL брекетингі) мәнін таңдаңыз.

  2. Түсірілімдер санын таңдаңыз

    Брекетинг ретінде түсірілімдер санын таңдау үшін Number of shots (Түсірілімдер саны) параметрін белгілеп, 4 немесе 2 түймешігін басыңыз. Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) өшірулі күйде бір фотосурет және екіншісін 3-қадамда таңдалған мәнде түсіру үшін екі түсірілімді таңдаңыз. Қосылған D-Lighting Off (Өшірулі), Low (Төмен) және Normal (Қалыпты) (үш түсірілім), Off (Өшірулі), Low (Төмен), Normal (Қалыпты) және High (Жоғары) (төрт түсірілім) немесе Off (Өшірулі), Low (Төмен), Normal (Қалыпты), High (Жоғары) және Extra high (Өте жоғары) (бес түсірілім) күйіне орнатылған кезде фотосуреттер қатарын түсіру үшін үш-бес түсірілімді таңдаңыз. Егер екіден көп түсірілімді таңдаған болсаңыз, 4-қадамға өтіңіз.

    0F дегеннен басқа параметрлерде дисплейде брекетинг белгішесі көрінеді.

  3. Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) мәнін таңдаңыз.

    Amount (Мөлшер) параметрін белгілеңіз және параметрді таңдау үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз. Таңдалған параметр Number of shots (Түсірілімдер саны) үшін 2F мәні таңдалғанда қолданылады.

    Мөлшер Брекетинг реті
    OFF L Off/Low (Өшірулі/Төмен)
    OFF N Off/Normal (Өшірулі/Қалыпты)
    OFF H Off/High (Өшірулі/Жоғары)
    OFF H+ Off/Extra high (Өшірулі/Өте жоғары)
    OFF AUTO Off/Auto (Өшірулі/Автоматты)
  4. Фотосуретті жақтауға алыңыз, фокустаңыз және түсіріңіз.

    Фотокамера таңдалған брекетинг бағдарламасына сай Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) мүмкіндігін әр түсірілімде өзгертеді.

    Брекетинг қосулы кезде дисплей ADL брекетингі белгішесін және брекетинг ретіндегі қалған түсірілімдер санын көрсетеді. Әрбір түсірілімнен кейін қалған түсірілімдер саны біреуге азаяды.

Брекетингті болдырмау

Брекетингті болдырмау үшін Number of shots (Түсірілімдер саны) параметрі үшін 0F мәнін таңдаңыз.

ADL Bracketing (ADL брекетингі)

Үздіксіз суретке түсіру режимдерінде суретке түсіру брекетинг бағдарламасында көрсетілген түсірілімдер саны түсірілгеннен кейін кідіртіледі. Келесі рет ысырманы босату түймешігі басылғанда суретке түсіру жалғасады.

Тізбектегі барлық түсірілімдер түсіріліп болғанша жад картасы толып кетсе, жад картасын ауыстырғаннан немесе жад картасында орын босату үшін түсірілімдер жойылғаннан кейін суретке түсіруді тізбектегі келесі түсірілімнен бастап жалғастыруға болады. Егер тізбектегі барлық түсірілімдер түсірілгенше фотокамера өшірілсе, фотокамера қосылған кезде брекетинг тізбектегі келесі түсірілімнен жалғасады.

C Фотосурет түсіру мәзірі: суретке түсіру параметрлері

Reset Photo Shooting Menu (Фотосурет түсіру мәзірін қалпына келтіру) Storage Folder (Сақтау қалтасы) File Naming (Файл атаулары) Choose Image Area (Кескін аумағын таңдау) Image Quality (Кескін сапасы) Image Size (Кескін өлшемі) NEF (RAW) Recording (NEF (RAW) жазу) ISO Sensitivity Settings (ISO сезімталдық параметрлері) White Balance (Ақ түс балансы) Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару) Color Space (Түс кеңістігі) Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) Long Exposure NR (Ұзақ экспозиция БА) High ISO NR (Жоғары ISO БА) Vignette Control (Виньеттеуді басқару) Diffraction Compensation (Диффракция түзетілімі) Auto Distortion Control (Бұрмалануды автоматты басқару) Flicker Reduction Shooting (Жыпылықтауды азайту арқылы суретке түсіру) Metering (Өлшеу) Flash Control (Жарқылды басқару) Flash Mode (Жарқыл режимі) Flash Compensation (Жарқыл түзетілімі) Focus Mode (Фокустау режимі) AF-Area Mode (АФ аумағының режимі) Vibration Reduction (Дірілді азайту) Auto Bracketing (Автоматты брекетинг) Multiple Exposure (Бірнеше экспозиция) HDR (High Dynamic Range) (HDR (жоғары динамикалық ауқым)) Interval Timer Shooting (Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру) Time-Lapse Movie (Баяулатылған бейнефильм) Focus Shift Shooting (Фокусты жылжыту арқылы суретке түсіру) Silent Photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру)