Түсірілімдер қатарында фокусты автоматты түрде өзгертіп отыратын фокусты жылжыту кейінірек анық түсірілетін кеңістік тереңдігі арттырылған бір кескінді жасау үшін фокусты дестелеуді пайдаланып біріктірілетін фотосуреттерді түсіру үшін пайдаланылады. Фокусты жылжытуды пайдалану алдында AF-S немесе AF-C фокустау режимін және Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер) дегеннен басқа суретке түсіру режимін таңдаңыз (E).

Focus shift shooting (Фокусты жылжыту арқылы суретке түсіру) параметрін таңдау төмендегі параметрлерді көрсетеді.

  • Start (Бастау): Суретке түсіруді бастаңыз. Фотокамера әрбір түсірілімде фокустау қашықтығын таңдалған мөлшерге өзгертеді.
  • No. of shots (Түсірілімдер саны): түсірілімдер санын (ең көбі 300) таңдаңыз.
  • Focus step width (Фокустау қадамының ені): фокустау қашықтығы әрбір түсірілімде қандай мөлшерге өзгеретінін таңдаңыз.
  • Interval until next shot (Келесі түсірілімге дейінгі аралық): түсірілімдер арасындағы секундтар түріндегі уақыт. Шамамен 5,5 кадр/сек жылдамдығымен фотосуреттер түсіру үшін 00 мәнін таңдаңыз.
  • First-frame exposure lock (Бірінші кадрдың экспозиция құлпы): On (Қосулы) күйі таңдалған болса, фотокамера барлық кескіндердің экспозициясын бірінші кадрдың параметрінде құлыптайды.
  • Peaking stack image (Фокусты көрсететін кескіндер дестесі): Create (Жасау) пәрмені таңдалса, фотокамера суретке түсіруден кейін фокусты тексеру үшін пайдалануға болатын ақ-қара алдын ала қарау дестесін жасау үшін фокусты көрсетуді пайдаланады.
  • Silent photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру): суретке түсіру кезінде ысырма дыбысын өшіру үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз.
  • Starting storage folder (Бастапқы сақтау қалтасы): параметрлерді белгілеңіз және таңдау немесе таңдауды алу үшін 2 түймешігін басыңыз. Әрбір жаңа реттілік үшін үшін жаңа қалтаны жасау үшін New folder (Жаңа қалта) параметрін, жаңа қалта жасалған сайын файлдарды нөмірлеуді 0001-ге қалпына келтіру үшін Reset file numbering (Файлдарды нөмірлеуді қалпына келтіру) параметрін таңдаңыз.

Focus Shift Photography (Фокусты жылжыту арқылы фотосурет түсіру)

Суретке түсіруден бұрын

Фокусты жылжыту арқылы фотосурет түсіруді бастау алдында ағымдағы параметрлерді сынақ түсірілім жасаңыз және нәтижелерді көріңіз. Суретке түсірудің үзілмеуін қамтамасыз ету үшін фотокамераның батареясы толығымен зарядтаулы екеніне көз жеткізіңіз. Күмәніңіз болса, пайдалану алдында батареяны зарядтаңыз немесе айнымалы ток адаптерін және қуат жалғағышын (бөлек сатылады) пайдаалныңыз.

  1. Focus shift shooting (Фокусты жылжыту арқылы суретке түсіру) параметрін таңдаңыз.

    Фотосурет түсіру мәзірінде Focus shift shooting (Фокусты жылжыту арқылы суретке түсіру) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

    Фокусты жылжыту параметрлері көрсетіледі.

  2. Фокусты жылжыту параметрлерін реттеңіз.

    Келесі параметрлерді реттеңіз.

    • No. of shots (Түсірілімдер саны): Түсірілімдер санын таңдаңыз

      No. of shots (Түсірілімдер саны) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

      Түсірілімдер санын таңдаңыз жəне J түймешігін басыңыз.

    • Focus step width (Фокустау қадамының ені): фокустау қашықтығы әрбір түсірілімде қандай мөлшерге өзгеретінін таңдаңыз.

      Focus step width (Фокустау қадамының ені) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

      Фокустау қадамының енін азайту үшін 4 түймешігін, арттыру үшін 2 түймешігін басыңыз. Жалғастыру үшін J түймешігін басыңыз.

      Қысқа фокустау қашықтықтарында анық түсірілетін кеңістік тереңдігі азаятындықтан, фотокамераға жақын нысандардың фотосуреттерін түсіргенде кішірек фокустау қадамдарын таңдау және түсірілімдер санын арттыру ұсынылады.

    • Interval until next shot (Келесі түсірілімге дейінгі аралық): түсірілімдер арасындағы аралықты таңдаңыз.

      Interval until next shot (Келесі түсірілімге дейінгі аралық) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

      Аралықты (секундтар түріндегі) таңдап, J түймешігін басыңыз.

      Жарқылды пайдалану кезінде дұрыс экспозицияны қамтамасыз ету үшін жарқыл зарядталуы үшін жеткілікті ұзақ аралықты таңдаңыз.

    • First-frame exposure lock (Бірінші кадрдың экспозиция құлпы): экспозиция құлпын қосу немесе өшіру.

      First-frame exposure lock (Бірінші кадрдың экспозиция құлпы) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

      Параметрді белгілеп, J түймешігін басыңыз.

    • Peaking stack image (Фокусты көрсететін кескіндер дестесі): Peaking stack image (Фокусты көрсететін кескіндер дестесі) параметрін қосу немесе өшіру.

      Peaking stack image (Фокусты көрсететін кескіндер дестесі) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

      Параметрді белгілеп, J түймешігін басыңыз.

    • Silent photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру): дыбыссыз фотосурет түсіруді қосу немесе өшіру.

      Silent photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

      Параметрді белгілеп, J түймешігін басыңыз.

    • Starting storage folder (Бастапқы сақтау қалтасы): бастапқы қалтаның параметрлерін таңдау.

      Starting storage folder (Бастапқы сақтау қалтасы) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

      параметрлерді белгілеңіз және таңдау немесе таңдауды алу үшін 2 түймешігін басыңыз. Жалғастыру үшін J түймешігін басыңыз.

  3. Суретке түсіруді бастаңыз.

    Start (Бастау) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз. Суретке түсіру шамамен 3 с-тан кейін басталады. Дисплей өшеді және фотокамера таңдалған аралықпен фотосуреттер түсіреді (суретке түсірудің басында таңдалған фокустау қашықтығынан бастайды және әрбір түсірілімде таңдалған фокустау қашықтығы қадамымен шексіздікке қарай ілгерілейді). Суретке түсіру таңдалған суреттер саны түсірілгенде немесе фокус шексіздікке жеткенде аяқталады. Барлық суреттер түсірілмей тұрып суретке түсіруді аяқтау үшін түсірілімдер арасында ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз немесе J түймешігін басыңыз.

Апертура

Кішірек апертураларда орын алуы мүмкін анықтықтың жоғалуын болдырмау үшін f саны f/11–f/8 мәнінен төменірек апертураны таңдаңыз.

Суретке түсіру кезінде

Суретке түсіру кезінде басқару панелінде баяулатылған жазу индикаторы көрсетіледі жəне жад картасына қатынасу шамы жыпылықтайды. c3 (Power off delay (Қуатты өшіруді кешіктіру) > Standby timer (Күту режимінің таймері) қолданушы параметрі үшін таңдалған параметрге қарамастан суретке түсіру кезінде күту режимінің таймері бітпейді. Фокусты жылжыту арқылы фотосурет түсіру кезінде фотокамера параметрлерін өзгерту суретке түсірудің аяқталуына әкелуі мүмкін екенін ескеріңіз. Суретке түсіру кезінде фокус реттелсе, суретке түсіру аяқталады.

Peaking Stack Image (Фокусты көрсететін кескіндер дестесі)

Қарау кезінде Peaking stack image (Фокусты көрсететін кескіндер дестесі) үшін Create (Жасау) мәні таңдалған фотосуреттерде p белгішесі көрініп, фокустау дестесін алдын ала қарауды i түймешігін басу және Display peaking stack image (Фокусты көрсететін кескіндер дестесін көрсету) пәрменін таңдау арқылы көрсетуге болатынын көрсетеді. Суреттер дестеленгенде ақ түспен көрсетілген аумақтар фокуста болады. Фокус дестесін алдын ала қарауларды тек жасау үшін пайдаланылған фотокамерада көруге болады.

Фокусты жылжыту арқылы фотосурет түсіру

Жарқылды пайдаланып жатсаңыз, жарқылдың зарядталуы үшін қажет уақыттан ұзағырақ аралықты таңдаңыз. Бұл аралық тым қысқа болса, жарқыл толық экспозиция үшін қажеттен азырақ қуатпен жануы мүмкін. Фокусты жылжытуды фотокамераның кейбір мүмкіндіктерімен, соның ішінде бейнефильм жазу, баяулатылған бейнефильмдер, брекетинг, өздігінен түсіруді реттейтін таймер, ұзақ экспозициялар (қолмен басылу режимінде немесе уақыт режимінде фотосурет түсіру), HDR (жоғары динамикалық ауқым), бірнеше экспозиция және аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру мүмкіндіктерімен бірге пайдалану мүмкін емес. Кескіндер жазу үшін қажетті ысырма жылдамдығы және уақыт бір түсірілімнен келесісіне дейін өзгеруі мүмкін болғандықтан, бір аралықтың аяғынан келесі аралықтың басына дейінгі уақыт әр түрлі болуы мүмкін. Ағымдағы параметрлерде суретке түсіруді жалғастыру мүмкін болмаса (мысалы, ысырма жылдамдығы Bulb (Қолмен басылу режимі) немесе Time (Уақыт) мәніне орнатылған болса), ескерту көрсетіледі.

Silent Photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру)

Silent photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру) үшін On (Қосулы) күйін таңдасаңыз, фотокамераның кейбір мүмкіндіктері, соның ішінде мыналар өшіріледі:

  • Hi 0,3 және Hi 2 аралығындағы ISO сезімталдықтары
  • Жарқылмен фотосурет түсіру
  • Exposure delay mode (Экспозицияны кешіктіру режимі)
  • Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту)

C Фотосурет түсіру мәзірі: суретке түсіру параметрлері

Reset Photo Shooting Menu (Фотосурет түсіру мәзірін қалпына келтіру) Storage Folder (Сақтау қалтасы) File Naming (Файл атаулары) Choose Image Area (Кескін аумағын таңдау) Image Quality (Кескін сапасы) Image Size (Кескін өлшемі) NEF (RAW) Recording (NEF (RAW) жазу) ISO Sensitivity Settings (ISO сезімталдық параметрлері) White Balance (Ақ түс балансы) Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару) Color Space (Түс кеңістігі) Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) Long Exposure NR (Ұзақ экспозиция БА) High ISO NR (Жоғары ISO БА) Vignette Control (Виньеттеуді басқару) Diffraction Compensation (Диффракция түзетілімі) Auto Distortion Control (Бұрмалануды автоматты басқару) Flicker Reduction Shooting (Жыпылықтауды азайту арқылы суретке түсіру) Metering (Өлшеу) Flash Control (Жарқылды басқару) Flash Mode (Жарқыл режимі) Flash Compensation (Жарқыл түзетілімі) Focus Mode (Фокустау режимі) AF-Area Mode (АФ аумағының режимі) Vibration Reduction (Дірілді азайту) Auto Bracketing (Автоматты брекетинг) Multiple Exposure (Бірнеше экспозиция) HDR (High Dynamic Range) (HDR (жоғары динамикалық ауқым)) Interval Timer Shooting (Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру) Time-Lapse Movie (Баяулатылған бейнефильм) Focus Shift Shooting (Фокусты жылжыту арқылы суретке түсіру) Silent Photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру)