AF-S фокустау режимі таңдалғанда төмен жарық жағдайларында дәлірек фокустау үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз, бірақ фотокамераның фокусталуына көбірек уақыт керек болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Бұл параметр фотосурет режимінде режимді таңдау дискісімен b дегеннен басқа параметр таңдалғанда ғана қолданылады. Төмен жарықтағы АФ қосулы кезде дисплейде «Low-light» (Төмен жарық) жазуы көрінеді және дисплейді жаңарту жиілігі төмендеуі мүмкін.

A Қолданушы параметрлері: фотокамера параметрлерін дәл реттеу

a: Autofocus (Автофокус)

b: Metering/exposure (Өлшеу/экспозиция)

c: Timers/AE lock (Таймерлер/АЭ құлпы)

d: Shooting/display (Суретке түсіру/дисплей)

e: Bracketing/flash (Брекетинг/жарқыл)

f: Controls (Басқару элементтері)

g: Бейнефильм