Yes (Иә) жауабын таңдау әдетте түймешікті ұстап тұру және басқару дискін айналдыру арқылы жасалатын реттеулерді түймешікті босатудан кейін басқару дискін айналдыру арқылы жасауға мүмкіндік береді. Бұл түймешікті қайтадан басқанда, ысырманы босату түймешігін жартылай басқанда немесе күту режимі таймерінің мерзімі біткенде аяқталады. Бұл параметр E, S және c (E) түймешіктеріне, сондай-ақ келесі рөлдер f2 немесе g2 (Custom control assignment (Қолданушы басқару элементін белгілеу)) қолданушы параметрлерін пайдаланып белгіленген басқару элементтеріне қолданылады: Choose image area (Кескін аумағын таңдау), Image quality/size (Кескін сапасы/өлшемі), White balance (Ақ түс балансы), Set Picture Control (Picture Control режимін орнату), Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting), Metering (Өлшеу), Flash mode/compensation (Жарқыл режимі/түзетілімі), Focus mode/AF-area mode (Фокустау режимі/АФ аумағының режимі), Auto bracketing (Автоматты брекетинг), Multiple exposure (Бірнеше экспозиция), HDR (high dynamic range) (HDR (жоғары динамикалық ауқым)), Exposure delay mode (Экспозицияны кешіктіру режимі), Shutter spd & aperture lock (Ысырма жылдамдығы және апертура құлпы), Peaking highlights (Белгіленген тұстардың контрастын арттыру), Choose non-CPU lens number (Микропроцессормен жабдықталмаған объективтің нөмірін таңдау) және Microphone sensitivity (Микрофон сезімталдығы).