Басты және қосымша дискілердің әрекетін теңшеу.

  • Reverse rotation (Айналдыру бағытын өзгерту): таңдалған әрекеттер үшін басқару дискілерін айналдыру бағытын өзгерту. Параметрлерді белгілеңіз және таңдау немесе таңдауды алу үшін 2 түймешігін басыңыз, содан кейін өзгерістерді сақтау және шығу үшін J түймешігін басыңыз.

  • Change main/sub (Басты/қосымша дискіні өзгерту): экспозиция және фокустау әрекеттері үшін басқару дискілері ойнайтын рөлдерді таңдау.

    • Exposure setting (Экспозиция параметрі): егер On (Қосулы) күйі таңдалса, басты басқару дискі апертураны және қосымша басқару дискі ысырма жылдамдығын басқарады. Егер On (Mode A) (Қосулы (А режимі)) параметрі таңдалған болса, басты басқауру дискі тек А режимінде апертураны орнату үшін пайдаланылады.
    • Autofocus setting (Автофокус параметрі): бұл параметр f2 (Custom control assignment (Қолданушы басқару элементін белгілеу)) қолданушы параметрін пайдаланып Focus mode/AF-area mode (Фокустау режимі/АФ аумағының режимі) белгіленген басқару элементіне қолданылады. On (Қосулы) күйі таңдалған болса, фокустау режимін басқару элементін басып тұру және қосымша басқару дискін айналдыру, ал АФ аумағының режимін басқару элементін басып тұру және басты басқару дискін айналдыру арқылы таңдауға болады.
  • Menus and playback (Мәзірлер және ойнату): мәзірлер және ойнату үшін мульти селекторды пайдалану үшін Off (Өшірулі) күйін таңдаңыз. On (Қосулы) немесе On (image review excluded) (Қосулы (кескінді тексере қарау кірмейді)) таңдалған болса, басты басқару дискін толық өлшемде қарау кезінде көрсетілетін суретті таңдау әрі сурет нобайларын және мәзір элементтерін белгілеу үшін пайдалануға болады. Қосымша басқару дискі толық өлшемде қарау режимінде Sub-dial frame advance (Қосымша дискімен кадрды жылжыту) үшін таңдалған параметрге сай алға немесе артқа өткізіп жіберу және сурет нобайын қарау режимінде бір бет жоғары немесе бір бет төмен жылжу үшін пайдаланылады. Мәзірлер көрсетілгенде, қосымша басқару дискін оңға айналдыру белгіленген параметр үшін қосымша мәзірді көрсетеді, солға айналдыру алдыңғы мәзірді көрсетеді. Таңдау жасау үшін 2 немесе J түймешігін басыңыз. On (image review excluded) (Қосулы (кескінді тексере қарай кірмейді)) параметрін таңдау кескінді тексере қарау кезінде басқару дискілерінің ойнату үшін пайдаланылуын болдырмайды.
  • Sub-dial frame advance (Қосымша дискімен кадрды жылжыту): Menus and playback (Мәзірлер және ойнату) үшін On (Қосулы) немесе On (image review excluded) (Қосулы (кескінді тексере қарау кірмейді)) таңдалған болса, қалтаны таңдау, бір уақытта 10 немесе 50 кадр алға немесе артқа өткізіп жіберу, я болмаса келесі немесе алдыңғы қорғалған суретке, келесі немесе алдыңғы бейнефильмге немесе таңдалған бағасы (бағаны таңдау үшін Rating (Баға) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз) бар келесі немесе алдыңғы суретке өту үшін толық өлшемде қарау кезінде қосымша басқару дискін айналдыруға болады.

A Қолданушы параметрлері: фотокамера параметрлерін дәл реттеу

a: Autofocus (Автофокус)

b: Metering/exposure (Өлшеу/экспозиция)

c: Timers/AE lock (Таймерлер/АЭ құлпы)

d: Shooting/display (Суретке түсіру/дисплей)

e: Bracketing/flash (Брекетинг/жарқыл)

f: Controls (Басқару элементтері)

g: Бейнефильм