Фотосурет түсіру мәзірінде Auto bracketing (Автоматты брекетинг) > Auto bracketing set (Брекетингті автоматты орнату) үшін AE & flash bracketing (АЭ және жарқыл брекетингі) немесе AE bracketing (АЭ брекетингі) таңдалғанда және режимді таңдау дискі M режиміне айналдырылғанда қай параметрлерге әсер етілетінін таңдаңыз.

Параметр Сипаттама
F Flash/speed (Жарқыл/жылдамдық) Фотокамера ысырма жылдамдығын (AE bracketing (АЭ брекетингі)) немесе ысырма жылдамдығын және жарқыл деңгейін (AE & flash bracketing (АЭ және жарқыл брекетингі)) өзгертіп отырады.
G Flash/speed/aperture (Жарқыл/жылдамдық/апертура) Фотокамера ысырма жылдамдығы мен апертураны (AE bracketing (АЭ брекетингі)) немесе ысырма жылдамдығын, апертураны және жарқыл деңгейін (AE & flash bracketing (АЭ және жарқыл брекетингі)) өзгертіп отырады.
H Flash/aperture (Жарқыл/апертура) Фотокамера апертураны (AE bracketing (АЭ брекетингі)) немесе апертура мен жарқыл деңгейін (AE & flash bracketing (АЭ және жарқыл брекетингі)) өзгертіп отырады.
I Flash only (Тек жарқыл) Фотокамера тек жарқыл деңгейін өзгертіп отырады (AE & flash bracketing (АЭ және жарқыл брекетингі)).

Жарқыл брекетингі i-TTL немесе qA (автоматты апертура) жарқылды басқару режимінде ғана орындалады. Flash only (Тек жарқыл) дегеннен басқа параметр таңдалған кезде ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару қосылған болса, жарқыл пайдаланылмаса, ISO сезімталдық бірінші түсірілімнің мәнінде бекітіледі.

A Қолданушы параметрлері: фотокамера параметрлерін дәл реттеу

a: Autofocus (Автофокус)

b: Metering/exposure (Өлшеу/экспозиция)

c: Timers/AE lock (Таймерлер/АЭ құлпы)

d: Shooting/display (Суретке түсіру/дисплей)

e: Bracketing/flash (Брекетинг/жарқыл)

f: Controls (Басқару элементтері)

g: Бейнефильм