Жарқылды синхрондау жылдамдығын таңдаңыз.
- 1/200 s (Auto FP) (1/200 с (автоматты ФЖ)): ФЖ жоғары жылдамдықта автоматты синхрондау үйлесімді жарқыл бөліктерінде қосылады және басқа жарқыл бөліктерінің максималды синхрондау жылдамдығы 1/200 с мәніне орнатылады. Фотокамера P немесе A режимінде 1/200 с ысырма жылдамдығын көрсетсе, іс жүзіндегі ысырма жылдамдығы 1/200 с-тан тезірек болса және 1/8000 с ысырма жылдамдықтарын фотокамера (P және A режимдері) немесе қолданушы (S және M режимдері) таңдай алатын болса, ФЖ жоғары жылдамдықта автоматты синхрондау белсендіріледі.
- 1/200 s–1/60 s (1/200 c–1/60 с): жарқылдың максималды синхрондау жылдамдығын таңдалған мәнге орнату.
Ысырма жылдамдығын жарқылды синхрондау жылдамдығы шегінде бекіту
S немесе M режимінде ысырма жылдамдығын синхрондау жылдамдығының лимитінде бекіту үшін мүмкін ең баяу жылдамдықтан бір параметрге баяуырақ жылдамдықты таңдаңыз (30 s (30 с) немесе Time (Уақыт)). Дисплейде және басқару панелінде жарқылды синхрондау индикаторы («X») және жарқылды синхрондау жылдамдығы көрсетіледі.
ФЖ жоғары жылдамдықта автоматты синхрондау
ФЖ жоғары жылдамдықта автоматты синхрондау фотокамера қолдайтын ең жоғары ысырма жылдамығында жарқылды пайдалануды мүмкін етіп, тіпті қатты күн жарығында да, түсірілетін кеңістік тереңдігін азайту үшін максималды апертураны таңдауға мүмкіндік береді. 1/200 s (Auto FP) (1/200 с (Автоматты ФЖ)) параметрі таңдалғанда жарқылдың ақпараттық дисплейі «FP» жазуын көрсетеді.