Фотосурет режимінде және ойнату кезінде J түймешігіне тағайындалатын рөлді таңдаңыз.
-
Shooting mode (Суретке түсіру режимі): Төмендегі параметрлерден таңдаңыз. Таңдалған параметрге қарамастан, АФ аумағын автоматты түрде таңдау АФ аумағының режимі таңдалған кезде фокусты бақылау үшін J түймешігін пайдалануға болады.
Параметр Сипаттама K Select center focus point (Орталық фокустау нүктесін таңдау) J түймешігін басу орталық фокустау нүктесін таңдайды. p Zoom on/off (Масштабтауды қосу/өшіру) Ағымдағы фокустау нүктесінің айналасындағы аумақта дисплейді ұлғайту үшін J түймешігін басыңыз (масштабтау арақатынасын таңдау үшін Zoom on/off (Масштабтауды қосу/өшіру) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз). Алдыңғы дисплейге оралу үшін J түймешігін қайтадан басыңыз. None (Жоқ) Суретке түсіру кезінде J түймешігін басудың әсері болмайды. -
Playback mode (Ойнату режимі): Төмендегі параметрлерден таңдаңыз. Таңдалған параметрге қарамастан, бейнефильм толық өлшемде көрсетіліп тұрғанда J түймешігін басу бейнефильм ойнатуды бастайды.
Параметр Сипаттама n Thumbnail on/off (Сурет нобайын қосу/өшіру) Толық өлшемде және сурет нобайын қарау арасында ажырата қосыңыз. o View histograms (Гистограммаларды көру) Толық өлшемде қарауда да, сурет нобайын қарауда да, J түймешігі басулы кезде гистограмма көрсетіледі. p Zoom on/off (Масштабтауды қосу/өшіру) Толық өлшемде немесе сурет нобайын қарау және ойнатуды масштабтау арасында ауысу (масштабтау арақатынасын таңдау үшін Zoom on/off (Масштабтауды қосу/өшіру) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз). Масштабтау дисплейі белсенді фокустау нүктесінің ортасына келеді. u Choose folder (Қалтаны таңдау) Қалтаны таңдау диалогтық терезесі көрсетіледі; қалтаны белгілеңіз және таңдалған қалтадағы суреттерді көру үшін J түймешігін басыңыз.